24.02.2010, 13:26 2822

Алматы қаласының полиция қызметкерлері 13 сағат тұтқында болған 45 жастағы жүргізушіні құтқарды

Алматы қаласының полиция қызметкерлері 13 сағат тұтқында болған 45 жастағы жүргізушіні құтқарды

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының полиция қызметкерлері 13 сағат тұтқында болған 45 жастағы жүргізушіні құтқарды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ.Жұмановтың айтуынша, "22 ақпанда түнде жол полициясы қызметкерлері автопатрульдеу барысында Ломоносов көшесі бойында келе жатқан, терезелері қатты буланып кеткен "Мазда" автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарын көлік жүргізушісі елемей, ары қарай жүре берген".

"Автомашина бірнеше кварталдан кейін тоқтатылды. "Мазда" тоқтағаннан кейін көліктің салонынан төрт адам қашып шыққан. Полиция қызметкерлері жүргізушіні сол жерде ұстады. Ол бұрын қарақшылық жасағаны үшін соттталған Шығыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты",- деді ол.

ІІМ мәліметінше, "салонды тексеру кезінде полиция қызметкері жүк салғыш жақтан шу естіген. Жүк салғышты сыртқы жағынан аша алмаған ол, артқы орындықты төмен тартып, скотчпен байланған ер адамды тапқан. Жәбірленуші өзін жүк салғышта шамамен 13 сағат тасымалдағанын жеткізді".

"Бірнеше минут өткеннен кейін сол маңайды тексеру барысында полиция қызметкерлері қылмыстың тағы да бір қатысушысын ұстады. Оның Қарақалпақстаннан Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстың басқа да қатысушылары анықталуда",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны