02.07.2010, 11:48 2029

Алматы қаласының полициясы бағалы заттардың тоналуына зергерлік дүкен қызметкерлерінің қатысы барлығын жоққа шығармайды

Алматы қаласының полициясы бағалы заттардың тоналуына зергерлік дүкен қызметкерлерінің қатысы барлығын жоққа шығармайды

Алматы. 2-шілде. Kazakhstan Today Алматы қаласының полициясы бағалы заттардың тоналуына зергерлік дүкен қызметкерлерінің қатысы барлығын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі Гоголь көшесінің бойында орналасқан зергерлік дүкеннің тоналғаны жайлы ақпарат Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығына күндізгі сағат он бірлерде түскенін еске салды. Оқиға орнына келген жедел іздестіру тобы қылмыскерлердің салонға дүкен орналасқан үйдің жертөлесінің төбесін тесу арқылы енгенін анықтаған.

Аталмыш қылмысты тергеу үшін Алматы қалалық ішкі істер департаментінде жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта полиция бірнеше болжамды тексеруде. Олардың бірі дүкен қызметкерлерінің зергерлік бұйымдардың жоғалуына қатыстылығы. "Бетон еденді тескен уақытта қалыпты жағдайда болған дабылдың істемегені, сондай-ақ, осы істің басқа да бірнеше сәйкессіздіктері күдік туғызып отыр", - делінген ІІД хабарламасында.

Жоғарыда аталған қылмыстың тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің басшалығының бақылауында, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны