08.02.2008, 16:27 3654

Алматы қаласының прокурорына қатаң ескерту жарияланып, Бостандық ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Алматы қаласының прокурорына қатаң ескерту жарияланып, Бостандық ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Алматы. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры Жақсылық Байтұқбаевқа қатаң ескерту жарияланып, Бостандық ауданының прокуроры А. Байшолақов қызметінен босатылды. Бұйрық қала прокуратурасының 6-ақпандағы алқа отырысында жария етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы прокуратурасының алқа отырысында 2007 жылғы қадағалау жұмысының қорытындысы жасалған.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мемлекет басшысының қатысумен өткен кеңейтілген отырысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық қорғау органдарының іс-қызметін үйлестіру саласындағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін көтеруге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілген болатын". Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы прокурорының бұйрығымен Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Ж. Момынәлиев, қала прокурорының атқару өндірісін қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Д. Тілеубаев қызметтерінен босатылған.

Сонымен қатар, Медеу ауданы прокурорының орынбасары Ж. Құсайынов, Алмалы және Иуезов аудандарының прокурорлары А. Кирияк пен А. Қалиев, Алматы қалалық прокуратурасының басқарма бастықтары Б. Мақұлбаев пен Р. Тойжанов қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Алқа отырысында 2008 жылға арналған азаматтардың конституциялық құқын қорғау және "Нұр Отан" партиясының және өзге де қоғамды бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бойынша прокурорлық бақылауды арттыру бойынша міндеттер қойылды", - деп хабарлады Алматы прокуратурасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны