14.10.2016, 20:50 10426

Алматы қаласыныӊ тарихына қатысты сирек кездесетін жәдігерлер Парижде өткен көрмеде көрсетілді

Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ныӊ бас пәтерінде Алматы қаласыныӊ 1000 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті, онда қазақ халқыныӊ тарихын паш ететін сан ғасырлық бұйымдар мен бірегей жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 14 қазан. KazakhstanToday- Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ныӊ бас пәтерінде Алматы қаласыныӊ 1000 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті, онда қазақ халқыныӊ тарихын паш ететін сан ғасырлық бұйымдар мен бірегей жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Қаламызға арналған көрмеге хош келдіӊіздер. Біз бүкіл дүние жүзінде өзіміздіӊ бай мәдениетімізді, тілімізді, дәстүрімізді, тұрмысымызды паш етпекшіміз, сондықтан да Алматыныӊ мыӊ жылдығын дәл осы жерде, Париждіӊ қақ жүрегінде тойлап жатырмыз. Алматыға өз егемендігініӊ 25 жылдық мерейтойын биыл атап өтіп жатқан тәуелсіз Қазақстанныӊ алғашқы астанасы болу құрметі бұйырды. Сондай-ақ, ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім де дәл осы Алматыда қабылданған болатын. Қазақстандықтар аса қысқа мерзімде дамыған экономикалы ілгерішіл қоғам құра алды", - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Стратегия -2050-де әлемдегі еӊ үздік 30 экономиканыӊ санатына кіру мақсатын алға қойғанын, ал бұл ел азаматтары үшін жаӊаша өмір сапасын қалыптастыратынын атап өтті.

Икім бұған қоса ЮНЕСКО мен оныӊ бас директоры Ирина Боковойға мерекелік іс-шараны өткізуге қолдау білдіргені үшін ағыс айтты.

ЮНЕСКО Бас директорыныӊ орынбасары Геташев Енгида өз сөзінде Алматыныӊ 1000 жылдығы дүниежүзілік ауқымдағы атаулы оқиға екенін атап өтті.

"Алматыныӊ 1000 жылдығын осында, ЮНЕСКО-да атап өту біз үшін өте қуанышты. Қазақстанныӊ халықаралық маӊызы мен беделініӊ өсуі де қуантады. Алдағы уақытта өтетін Универсиада 2017 Қазақстанға бұдан да көп назар аудартатынына сенімдімін. Көрмеде балалар суреттері арқылы елдіӊ тарихымен және мәдениетімен танысуға, танымал Қазақстан әртістерініӊ орындауында музыкалық шығармаларды тыӊдауға болады. Бүгінгі оқиға Алматыныӊ 1000 жылдық мерейтойын атап өтудіӊ нақышты шарықтау шегі болары анық",-деп аяқтады сөзін. Бұған қоса халықаралық жұртшылық назарына қала әкімдігі, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қорыныӊ қолдауымен және ЮНЕСКО-ныӊ басшылығымен жүзеге асырылған "Балалар бейбітшілікті суретке салады. Азия" атты халықаралық фестиваль секілді бірегей жоба таныстырылды.

Еске сала кетейік, Алматыда қыркүйек айында "Балалар бейбітшілікті суретке салады. Азия" атты халықаралық фестивальдіӊ жас жеӊімпаздары марапатталған болатын. Жобаға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Жапониядан 7000 астам жас қылқалам шеберлері жұмылдырылған болатын. Ол дарынды жасөспірімдердіӊ шығармашылығын дамытуға, мәдениетаралық диалогты және өзара түсіністікті алға жылжытуға, сондай-ақ, өӊір елдерініӊ өскелеӊ ұрпақ өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайта түсуге бағытталған.

Сондай-ақ, көрме шеӊберінде Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті қорыныӊ "Беймәлім Қазақстан" атты бірегей жобасы таныстырылды.Париж тұрғындары мен француз астанасы қонақтарына 41 фототуынды таныстырылды. Олардыӊ әрқайсысы қорықты көркем жерлерге, табиғи және мәдени жәдігерлерге бай, жер келбеті өзініӊ алуандығымен таӊдандыратын әсем Қазақстанныӊ бірегей табиғаты мен сұлу көркін көз алдыӊа әкеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны