18.08.2017, 17:31 6426

Алматы қаласыныӊ Түрксіб ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданыныӊ активіне ауданныӊ жаӊа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Икімшілігініӊ және қала мәслихатыныӊ келісімімен ауданныӊ жаӊа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды.

Алматы. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданыныӊ активіне ауданныӊ жаӊа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Икімшілігініӊ және қала мәслихатыныӊ келісімімен ауданныӊ жаӊа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды.

Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментініӊ жетекші маманы болып бастаған. Ир жылдары инспектор, кеӊесші, Астана қаласы әкімі аппаратыныӊ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімініӊ меӊгерушісі қызметтерін атқарған. 2010- 2016 жылдары "Есіл" ауданы әкімініӊ орынбасары, "Сарыарқа" және "Алматы" аудандарыныӊ әкімі, Астана қаласы коммуналды шаруашылық Басқармасыныцӊ басшысы лауазымдарында болған. 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Алматы әкімі ауданныӊ жаӊа басшысыныӊ алдына принципті және жүйелі әдісті талап ететін бірқатар міндеттерді қойды.

Қазіргі кезде Түрксіб ауданындағы 508 үй немесе олардыӊ 50%-ы ескі үйлер. Биылғы жылы инвесторлармен бірігіп, "Алтай-2" ықшам ауданында "Ескі үй"бағдарламасын қолға алып, 2 500 пәтерлі 40 жаӊа үйлердіӊ құрылысын бастау қажет. Ауданныӊ жаӊа әкімі Глазунов көшесі бойында салынуы тиіс 2062 пәтерлі 48 көпқабатты үйлердіӊ құрылысына қатысты мәселені қосымша шешуі қажет.

Түрксіб ауданыныӊ экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда "АЗМК" ЖШС, "ЭФКО"ЖШС, "Бижан"ЖШС және басқа ірі өндіріс орындары бар. Жалпы, ауданда 93,4 млрд. теӊгеніӊ өнімдерін шығаратын 46 ірі және орташа өндіріс орындары жұмыс істейді.Кәсіпорындардыӊ жүктемесін қамтамасыз етіп, өзара байланысты қалыптастырып, аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Биыл ауданға 80 ауланы күрделі жөндеуден өткізу үшін 918 млн. теӊге бөлінді. Олардыӊ барыша сапалы әрі уақтылы аяқталуын қамтамасыз еткен жөн.

Жыл аяғына дейін Сейфуллин атындағы саябақты, Жұлдыз ықшам ауданындағы, Р. Зорге және Б. Майлин атындағы көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуді аяқтау керек.

МЖИ аясында жаӊа мектеп жасына дейінгі мекемелерді ашу жобасын одан әрі жалғастырған жөн.

Аудан әкімі қаланыӊ Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасымен бірге қалаға қосылған Илмерек, Колхозшы, Қайрат елді мекендерінде ұзындығы 52 км су және 67 км болатын газ желісініӊ құрылыстары жөніндегі мәселені жүзеге асыруы тиіс. Қала басшысы бұлардан өзге 32 км 17 көше салуды және 17,6 км болатын 49 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Алматы әкімі актив барысында Түрксіб ауданыныӊ бұрынғы басшысы Владимир Устюговке атқарған жұмысына және зейнеткерлік жасқа жеткеніне алғыс білдірді.

Соӊғы 10 жыл ішінде ауданда 1 мыӊнан астам жаӊа кәсіпорындар ашылды, 25 мыӊнан астам жұмыс орындары құрылды. Инвестиция тарту 2,5 есе артып, 53 млрд. теӊгеден асты немесе әр тұрғынға 245 мыӊ теӊгеден келді. Бөлшек және көтерме сауда айналымы 5 есе өсіп,1,1 трлн. теӊгені құрады. Орташа жалақы 2,3 есе өсіп, 158 мыӊ теӊгеден асты. Салық түсімі 3,3 есе артып, 60 млрд. теӊгені құрады. Илеуметтік инфоақұрылым қарқынды дамыды, 5 мектеп және 8700 орынды 7 қосалқы ныснадар салынып, 31 мектеп жасына дейінгі мекемелер ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны