29.04.2010, 14:58 3336

Алматы қаржы полициясы мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 953,6 млн теңгеге залал келтірген бір ЖШС-ке қатысты істі тексеруде

Алматы қаржы полициясы мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 953,6 млн теңгеге залал келтірген бір ЖШС-ке қатысты істі тексеруде

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаржы полициясы мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 953,6 млн теңгеге залал келтірген бір ЖШС-ке қатысты істі тексеруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті бір азамат пен анықталмаған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28- бабы, 222- бабының 3 - тармағы бойынша (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Олар кәсіпкерлікпен айналысу мақсатынсыз ЖШС-ті тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 953,6 млн теңгеге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны