28.12.2007, 18:56 3127

Алматы көлік құралдарына лық толды - ІІД бастығы

Алматы көлік құралдарына лық толды - ІІД бастығы

Алматы. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы көлік құралдарына лық толды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте қаланың ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы жол полициясының жұмысы өте қауырт болды деуге болады. Осы жылы біз өзіндік шептен өттік, бүгінгі күнде қалада 502 мың көлік тіркелген. Бұл Алматы қаласы үшін өте көп",- деді ішкі істер департаментінің бастығы.

Оның айтуынша, соңғы үш күнде "біз қардың қалың жаууына байланысты қызметтің күшейтілген режимінде жұмыс істеудеміз. Бүгінде жолдағы ахуал біраз тұрақтанып қалды".

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда осы жылы 2664 жолдағы апаттар тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға төмен. Дегенмен, апаттардың салдарынан мерт болған адамдардың саны өскен. Сонымен қатар, полицейлер демалыс күндері жүйелі түрде жүргізген жұмыстар нәтижесінде балалардың жарақаттану деңгейін айтарлықтай төмендетіп, "мас күйінде көлік жүргізген" жүздеген адамдарды анықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны