17.11.2006, 10:04 2606

Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады -ІІД

АЛМАТЫ. 17 қараша . Kazakhstan Today. Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады , деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

"Алғашқы 20 қалалық күзет фирмаларынан келген еріктілер Алматы көшелеріндегі тәртіпті сақтау үшін жаяу патрульдеуге қатысады",-дейді баспасөз қызметінің өкілдері. "Мұндай жаңалық Қазақстанда алғашқы рет өткізіледі. Күзет қызметкерлері қала көшелерін үш ауысыммен торитын болады",-деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Күзет фирмалары өкілдерін жаяу патрульдеуге қатыстыру - Алматы ІІД бастамасы. Полицейлердің пайымдауынша, еріктілер "көше қылмыстарының алдын алуға және бетін ашуға ықпал етеді" деген сенімде.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жаяу патрульдеу қалада 26 тамыздан бастап енгізілген. Мақсат - "полицейлердің қала көшелерінде және басқада қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау жұмыстарын арттыру". "Күніне 200 патрульді полиция қызметкері , ҚР ІІМ ішкі әскер жауынгерлері , шұғыл әрекет етуші арнаулы отряд қызметкерлері және басқада қызмет өкілдері 90-100 бағыт бойынша қала тыныштығын күзетеді",-дейді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны