15.09.2006, 12:42 3514

Алматы маңында Елбасының қатысуымен ақпараттық технологиялар паркі ашылды- толықтырылған нұсқа

АЛМАТЫ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Алматы маңындағы Алатау ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Alatau IT City" ақпараттық технологиялар паркі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шараға еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов пен Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшылығы қатысты.

"Alatau IT City" ақпараттық технологиялар паркінің ашылуынан кейін бірден жұмысын бастаған "Ақпараттық қоғамдастық. Қазақстандағы даму тсратегиясы" атты конференцияда сөз сөйлеген Елбасы ақпараттық технологиялар паркін ашу туралы идея 2002-жылы Үндістанға барған сапарында пайда болғанын еске салды. "Бүгін осы тапсырмамның жүзеге асырыланына қуаныштымын әрі бақыттымын",- деді Н.Назарбаев.

"Жалпы алғанда парк 350 гектар аумақыт алып жаты. Біз бұл жерде жұмыс істеуге әлемдегі ең жетекші компанияларды шақырамыз",- деді президент.

Баспасөз баянына сәйкес, "Ақпараттық технологиялар паркі" арнаулы экономикалық аймағын құрудағы мақсат - елімізде ақпараттық технологиялар саласын дамыту, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кірігуін пәрмендендіру, ақпараттық технологиялардың жоғары тиімді әрі жоғары технологиялық өндірістерді құру, ақпараттық технологияларға қатысты жаңа өнім түрлерін шығаруды игеру, осы салаға инвестицияларды тартуға саяды.

Парк құрылысы 2004-жылдың сәуір айында салына бастаған. Сметалық құны 3 млрд. 974 мың теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ -ның республикалық бюджет қаржысынан құрылған жарғылық капиталы есебінен қаржыландырылды. Құрылыстың бас мердігері - "MTG-KZ" ЖШС.

Арнаулы экономикалық аймақтың жалпы алаңы 343 гектарды құрайды, оның 93 гектары Алматы қаласы Медеу ауданының жер қорынан, 250 гектары - Алматы облысы Талғар ауданының жерінен бөлінген.

Қазір парк басшылығы "Siemens", "Microsoft" сынды жетекші әлемдік компаниялармен, сондай-ақ, Мысыр, Корея және Үндістанның технопарктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны