09.04.2009, 19:01 3284

Алматы метросының бірінші кезегін келесі жылы аяқтау керек - Назарбаев

Алматы метросының бірінші кезегін келесі жылы аяқтау керек - Назарбаев

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы метросының бірінші кезегін келесі жылы аяқтау керек. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Метроға қатысты барлық проблемаларды мен жақсы білемін. Кейінгі жылдары менің тапсырмам бойынша үкімет қыруар қаржы бөліп келді, метро құрылысын біз сөзсіз тоқтата алмаймыз", - деді Н. Назарбаев.

"Үкімет дағдарыс жағдайында бәрінен үнемдеп жатқанын білемін. Қазақстан бойынша кейбір даму нысандарына бөлінетін қаражат 360 млрд теңгеге қысқартылды, соның ішінде әкімшілік шығындар, шамалы күте тұруға болатын құрылыстар, соның ішінде Астана мен Алматының нысандары бар. Бірақ Алматы үшін метро мәселесінің орны бөлек", - деді мемлекет басшысы.

"Сол себепті мен үкіметке бұған дейін бөлінген 8 млрд теңгенің үстіне қосымша 14 млрд бөлуді тапсырамын, нәтижесінде биыл 22 млрд бөлінеді. Жұмыстарды жалғастыра отырып, Алматы метросының бірінші кезегін келесі жылы аяқтау керек", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны