09.10.2009, 11:05 1615

Алматы - Новосибирск пойызында Қазақстан азаматынан бес килограмға жуық героин тәркіленді

Алматы - Новосибирск пойызында Қазақстан азаматынан бес килограмға жуық героин тәркіленді

Алматы. 9 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында 7 қазанда "Бақылау-9" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қазақстан азаматынан бес килограмға жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ауыл станциясында Алматы - Новосибирск пойызында кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Железнодорожный" кеден бекеті мен ШҚО Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 4 килограмм 990 грамм героин тәркіленді.

Есірткі вагон ішінен қос түбі бар сөмкеден "Бонго" атты иісшіл иттің көмегімен табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны