18.07.2017, 21:58 4288

Алматы облысы әкімдігі мен "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды

Жиында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша халықтыӊ қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жүйесін жаӊғырту, сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктері және басқа да мәселелер кездесуде туралы кеӊінен сөз болды.

Талдықорған. 18 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімдігінде өӊір басшысы Амандық Баталов "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесіп, қос тарап өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды.

"Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған меморандумда зейнетақымен қамту мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеудіӊ бағыттары белгіленген.

Жиында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша халықтыӊ қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жүйесін жаӊғырту, сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктері және басқа да мәселелер кездесуде туралы кеӊінен сөз болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны