16.03.2018, 22:50 4423

Алматы облысы аумағында Үлкен Алматы айналма автокөлік жолыныӊ құрылысы басталады

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" жобасыныӊ концессиясы бойынша ҚР Инвестиция және даму министрлігі ұйымдастырған конкурстыӊ жеӊімпазы атанған компания өкілдерімен кездесу өткізіп, жобаныӊ облыс аумағында жүзеге асырылу барысын талқылады

Талдықорған. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" жобасыныӊ концессиясы бойынша ҚР Инвестиция және даму министрлігі ұйымдастырған конкурстыӊ жеӊімпазы атанған компания өкілдерімен кездесу өткізіп, жобаныӊ облыс аумағында жүзеге асырылу барысын талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған облыс басшысы А. Баталов:

- "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолыныӊ" іске асырыла бастағанына қуаныштымыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тұрақты бақылауыныӊ нәтижесінде осындай үлкен жоба қолға алына бастады. Бұл жол Алматы қаласындағы көлік легін азайтуға бағытталған, дегенмен ҮАААЖ-ныӊ айналма жолы облыстыӊ Қарасай, Іле, Талғар аудандарыныӊ аумағын да басып өтеді. Сондықтан қазірден бастап өз тарапымыздан барлық ұйымдастыру мәселелерініӊ сапалы атқарылуына ықпал етуіміз керек, - деді.

Жобаны жүзеге асырудағы дайындық жұмыстарына тоқтала келе:

- Жобаға байланысты біз 742 жер учаскесін босаттық, бұл бағыттағы мәселелер толық шешімін тапты. Ендігі жерде техникалық сипаттағы мәселелерге назар аударып, олардыӊ барлығын дер кезінде реттеуіміз керек. Өз кезегінде мердігер компаниялар жүктелген міндеттерді орындауы тиіс, - деді А. Баталов.

Мұнан соӊ "АЛСИМ АРКО" АҚ концессионер компаниясыныӊ вице-президенті Аббас Шахин жобаныӊ таныстырылымын жасап, онда оны жүзеге асырудыӊ, құрылыс жұмыстарыныӊ ұйымдастырылуыныӊ егжей-тегжейін баяндады. Ол тоқталған мәселелер қатарында вахталық лагерь, карьерге арналған бұрма, инертті материалдарды пайдалану көлемі және т.б. бар.

Облыс әкімі А. Баталов атап өткендей, ҮАААЖ жобасына қатысты туындаған кез келген мәселені еӊ алдымен жоғарыда аталған үш ауданныӊ әкімдері және тиісті басқармалардыӊ басшылары шешуі тиіс.

- Жоба жүзеге асырылатын үш жыл ішінде облысқа 512,3 млрд. теӊге инвестиция тартылады. Оған қоса жаӊа жұмыс орындары ашылады, осы жобаны іске асыру кезінде жұмысқа қабылданатындардыӊ 90 %-і жергілікті тұрғындардан болады, - деді А. Баталов.

Кездесу соӊында облыс әкімі бұл жобаныӊ орындалу барысы осы салаға жетекшілік ететін орынбасарлары А. Байжанов пен Ж. Тұяқовтыӊ жіті бақылауында болатынын айтты.

Атап өтсек, "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" жобасы ұзындығы 66 шақырымдық автожолын салу мен іске қосуға бағытталған. Жабындысы цемент-бетонды автокөлік жолы 4 және 6 жолақты болмақ. Жобаныӊ құрамына көлік жол айырығы, көпірлер, эстакадалар, жол көрсеткіштері және басқа да қажетті құралдар енгізілген. Құрылыс 2018-2021 жылдар аралығында жүрмек. Жобаныӊ концессионері - "Alarko-Makyol-SK-Korea Express Way"түрік-корей консорциумы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны