01.09.2016, 15:11 3709

Алматы облысы Еӊбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округініӊ әкімі 670 000 теӊге сомасында пара алғаны үшін ұсталды

Наушебаев Ават ауылдық округініӊ аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бергені үшін жеке тұлғадан делдал арқылы 670 000 теӊге сомасында пара алған.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша департаменті Еӊбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округініӊ әкімі А. Наушебаевты ұстады.

Бұл туралы Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро баспасөз қызметі хабарлады.

Наушебаев Ават ауылдық округініӊ аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бергені үшін жеке тұлғадан делдал арқылы 670 000 теӊге сомасында пара алған.

Қазіргі уақытта А. Наушебаев Іле ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны