18.09.2017, 15:56 4597

Алматы облысы мен ҚХР Сычуань провинциясыныӊ арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды

Алматы облысы мен ҚХР Сычуань провинциясыныӊ арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.

Талдықорған. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - 15 қыркүйекте Алматы облысы мен ҚХР Сычуань провинциясыныӊ арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды. Тараптар экономика, сауда, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтыӊ Сычуань провинциясынан келген делегаттармен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу барысында Л. Тұрлашов өӊір экономикасын, соныӊ ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудыӊ басымдықтарын атап өтті. Олардыӊ қатарында сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығын индустрияландыру, қант өндірісі, сол сияқты интенсивті бақтардыӊ алаӊын ұлғайту шаралары бар. Сонымен қатар Л. Тұрлашов облыстыӊ қолайлы инвестициялық климаты мен инвесторларға ашықтығын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде делегацияны бастап келген Сычуань провинциясыныӊ Халықтық саяси консультативтік кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Гао Фэн ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Сычуань провинциясыныӊ әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жайлы баяндады. Сондай-ақ провинцияда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамығанын айтып өтті. Сондықтан екі тараптыӊ да ынтымақтастық орнатудағы әлеуеті мол.

Сөйтіп, кездесу соӊында қос тарап өзара екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны