14.08.2017, 15:35 4299

Алматы облысы мен Швейцарияныӊ Тичино кантоныныӊ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов пен Тичино кантоныныӊ экономика және қаржы министрі Кристиан Витте қол қойған құжат екі жақты байланыстардыӊ жаӊа белесіне жол ашады деп күтілуде.

Астана. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Астана ЭКСПО - 2017" халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы мен Швейцарияныӊ Тичино кантоныныӊ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов пен Тичино кантоныныӊ экономика және қаржы министрі Кристиан Витте қол қойған құжат екі жақты байланыстардыӊ жаӊа белесіне жол ашады деп күтілуде.

Еліміздіӊ Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасыныӊ Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария Конфедерациясыныӊ президенті Дорис Лойдхардтыӊ және басқа да лауазымды тұлғалардыӊ қатысуымен өткен Меморандумға қол қою рәсімінде облыс басшысы Амандық Баталов Жетісу өӊірініӊ инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталып өтті.

- Алматы облысы мен Тичино кантоны климаты жағынан да, табиғаты жағынан да ұқсас. Бір-бірімізді толықтыратын, үйренетін ортақ дүниелер баршылық. Туризмді дамытуда, ауыл шаруашылығына, өӊдеу өнеркәсібіне жаӊа технологиялар тартуда, жасыл энергетиканы енгізуде Швейцариядан үйренеріміз көп. Мәселен, Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды өӊдейтін ірі кәсіпорын жоқ. Осы жағынан да әріптестік байланыс мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мен екі тарап кәсіпкерлерініӊ арасында жанды байланыс орнатудыӊ игілігін тұрғындар көреді деп ойлаймын, - дей келе Амандық Баталов тичинолық делегацияны Жетісу өӊіріне арнайы шақырды.

Тичино кантоныныӊ экономика және қаржы министрі Кристиан Витте өз сөзінде меморандумныӊ заӊды жалғасы ретінде нақты жобалар жүзеге асырылып, ортақ нәтижеге қол жеткізілетініне сенім білдірді.

Шара соӊында А. Баталов швейцариялық қонақтарға облыстыӊ барлық тарихи орындары айқын көрсетілген қолдан әзірленген картасын және Жетісу өӊірі туралы кітапты сыйға тартты.

Жалпы Қазақстан мен Швейцария арасындағы әріптестік қарым-қатынастыӊ орнағанына биыл 25 жыл толып отыр. Меморандумға қол қою рәсімі осы айтулы дата қарсаӊында ЭКСПО көрмесінде өткен Швейцарияныӊ Ұлттық күні аясында болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны