04.08.2017, 19:16 4030

Алматы облысы Панфилов ауданындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарыныӊ күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді

Кеше Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар Панфилов ауданында болып, білім беру және денсаулық сақтау нысандарыныӊ күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстарыныӊ барысына сын айтқан облыс әкімініӊ орынбасары құрылыс компаниясы үшін жұмысты аяқтау мерзімін 20 тамыз деп белгілейтінін қадап айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Кеше Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар Панфилов ауданында болып, білім беру және денсаулық сақтау нысандарыныӊ күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстарыныӊ барысына сын айтқан облыс әкімініӊ орынбасары құрылыс компаниясы үшін жұмысты аяқтау мерзімін 20 тамыз деп белгілейтінін қадап айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аудандық орталық аурухананыӊ күрделі жөндеу жұмыстарын 173 млн. теӊгеге тендер бойынша ұтып алған "Фирма Лан" ЖШС жұмысты кестесінен белгісіз себептермен кешіктіріп жатыр. Жөндеу жұмыстары өткен жылдыӊ қазан айында басталған және биылғы жылдыӊ маусым айында бітуі тиіс еді. Алайда екінші кезеӊніӊ жұмыстары әзірге 80 % ғана аяқталған.

Қазіргі кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан аталмыш құрылыс компаниясын келісім бойынша міндеттерін жауапкершілікпен орындамағаны, атап айтқанда жұмысты мерзімінде аяқтамағаны үшін ықылассыз жеткізушілердіӊ тізіміне енгізу және тұрақсыздық айыбын төлету, сонымен қатар жұмысты аяқтауға міндеттеу туралы сотқа талап арыз түсірді.

Белгілі болғанындай, бас мердігер екі ай бойы жұмысшыларға жалақы төлемеген. Соныӊ салдарынан жұмысты аяғына жеткізетін ешкім қалмаған, енді бұл проблемалық мәселе сот тәртібімен қаралып жатыр. Аудандық орталық аурухананыӊ бас дәрігері Төлеу Сарпековтіӊ айтуынша, құрылысшылар жұмысты сапалы орындаған, егер де олар жұмыстыӊ қалған бөлігін белгіленген мерзімде аяқтағанда, емделушілер мен медицина қызметкерлеріне қандай да бір қолайсыздық тудырмаған болар еді.

Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан Н. Крупская атындағы орта мектептегі жағдай көӊіл көншітерлік. Мұнда бас мердігер - астаналық "Нұрсад" ЖШС фирмасы 156 млн. теӊгеге ғимарат қабырғасын жөндеу, еден, терезе, есіктерін, сондай-ақ шатыр жабындысы мен жылыту жүйесін ауыстырумен қатар, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Нысандағы құрылыс жұмыстарымен таныс болған Жақсылық Омар жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қосымша жұмыс күшін жұмылдыру туралы ұсыныс білдірді.

- Облыс әкімініӊ тапсырмасына сәйкес барлық құрылысы жүріп жатқан нысандардағы жұмыстар 20 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Сол себепті, құрылыстыӊ сапасы мен құрылыс жұмыстарыныӊ қарқыны біздіӊ ерекше бақылауымызда. Күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы жеткілікті көлемде бөлінді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олай болса, осы нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруге ешбір кедергі жоқ, - деп атап өтті Жақсылық Мұқашұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны