26.07.2017, 19:22 4491

Алматы облысы Польшамен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуда

Алматы облысыныӊ 65 студенті Польшада тегін оқитын болады. Бұл туралы облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегацияныӊ Польша Республикасыныӊ Люблин воеводтығына жасаған сапары барысында келісілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ 65 студенті Польшада тегін оқитын болады. Бұл туралы облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегацияныӊ Польша Республикасыныӊ Люблин воеводтығына жасаған сапары барысында келісілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұл сапардыӊ басты мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ өткен жылы Польша Республикасына жасаған сапарындағы келісімдерге орай еларалық ынтымақтастықты дамыту. Осы сапар барысында өӊіраралық әріптестік байланыстарды одан әрі нығайту туралы келісімдер жасалды.

Делегация мүшелері Люблин воеводтығыныӊ маршалегі (басшысы) Славомир Сосновскиймен кездесіп, Люблиндегі ауруханада, балалар емханасында, Экономика және инновация Жоғарғы мектебінде, Бяла-Подляска қаласындағы медициналық орталықта болды.

Бағдарлама барысындағы шаралар нәтижесінде екі тарап Қазақстанныӊ 35 студентін орта буынды медицина қызметкерлерін еуропалық бағдарламамен дайындау мақсатында 3,5 жыл Люблин және Бяла-Подляска қалаларындағы поляк университеттерінде оқыту жөнінде шешімге келді. Сонымен қатар экономика, менеджмент және информатика бойынша 30 маманды оқыту туралы да келісілді. Қазақстандықтардыӊ оқуы мен Польшада тұру шығындарыныӊ барлығын поляк жағы көтеретін болады.

Люблин воеводтығыныӊ маршалегі бастаған поляк кәсіпкерлерініӊ бір тобы биылғы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ басында Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне келуді жоспарлап отыр. Өз кезегінде қазақстандық делегацияныӊ жетекшісі ұзақ мерзімді өӊіраралық ынтымақтастықты орнықтыру мақсатында поляк өкілдерін Алматы облысына сапарлап келуге шақырды.

Сондай-ақ 2017 жылғы 25 шілдеде Варшавада Қазақстанныӊ Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан мен Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ Польша даму вице-министрі әрі Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияныӊ теӊ төрағасы Тадеуш Косцинскиймен кездесуі өтті. Кездесуде қос тарап өзара қарым-қатынастыӊ өӊіраралық деӊгейі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны