19.01.2019, 21:13 15151

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жас мамандарға 109 тұрғын үй салынуда

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жас мамандарға 109 тұрғын үй салынуда. Соныӊ ішінде 20 жалгерлік үй салынып бітіп, пайдалануға берілген. Ал 89-ы биылғы жылы салынады.

Талдықорған. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жас мамандарға 109 тұрғын үй салынуда. Соныӊ ішінде 20 жалгерлік үй салынып бітіп, пайдалануға берілген. Ал 89-ы биылғы жылы салынады. Осы атқарылған жұмыстардыӊ сапасымен облыс әкімі Амандық Баталов ауданға жасаған сапары барысында танысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аудан тұрғындары Мемлекет басшысыныӊ сарабдал шешімімен шекаралық аймаққа ерекше көӊіл бөлініп, Нарынқол жаӊа ауданныӊ орталығы болғанына және мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға деген қуаныштарын жасырмады. Жұмыс нәтижелері бір жылға жуық уақыттыӊ ішінде көріне бастады. Жолдар жөнделді, жарықтандыру жүргізілді, тұрғын үйлер салынды, балалар алаӊдары мен спорттық алаӊдар пайда болды, еӊ бастысы ауданға жастар орала бастады. Елбасыныӊ Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту еӊ маӊызды мәселелер қатарында. 20 жалгерлік үйдіӊ құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн. теӊге бөлініп, бүгінгі күні бұл үйлер пайдалануға берілген. Осы үйлерді аралап көріп шыққан облыс әкімі үйлердіӊ қасбет қабырғаларыныӊ және қақпаларыныӊ түстерін өзгертуді ескертті. Жалпы үйлердіӊ салыну сапасына көӊілі толатынын айтты. Екі жас отбасыныӊ шаӊырағына кіріп, құттықтаған облыс басшысы оларға телевизор тарту етті.

Амандық Баталов жергілікті тұрғындармен әӊгімелесу барысында ауданға жұмыс сапарыныӊ негізгі мақсаты ауданды дамыту туралы тапсырмалардыӊ орындалу барысымен танысу және кейбір істердіӊ баяу жүріп жатуыныӊ себебін анықтау екенін айтты. Сондықтан облыс әкімі мұнан кейінгі сапарын аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан, күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан әкімшілік ғимараттарда, құрылыс нысандарында жалғастырды.

Алдымен өткен жылдыӊ желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктіне атбасын бұрды. Мұнда полиция қызметкерініӊ жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған. Еске салсақ, жалпы Алматы облысында өткен жылы осындай тұрғын үймен біріктірілген 167 УПП салынған болатын, бұл жұмыс әлі де жалғасып келеді. Облыс әкімі жөндеу жасалған жергілікті полиция бөлімшесінде де болды. Қазір мұнда кадрлар жасақтау жүріп жатыр. Амандық Баталов берілетін 89 үйдіӊ ішінен полиция қызметкерлеріне де үй беруді қарастыру керектігін атап өтті. Сол сияқты Нарынқол шекара завставасыныӊ да қызметімен танысты.

Өӊір басшысы басқа да әкімшілік ғимараттарыныӊ құрылыс жұмыстарын көрді. Мәселен, 1968 жылы салынған аудан әкімдігініӊ ғимараты жаӊғыртудан өткізілуде. Мердігер ұйым өкілініӊ айтуынша, барлық жұмыстар биылғы жылдыӊ мамыр айында бітеді.

Прокуратураныӊ жаӊа ғимаратыныӊ жобасы облыс әкімі тарапынан мақұлданбады. Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасымен бірлесіп, ауданныӊ ауа райы жағдайын ескере отырып жаӊа жоба дайындап, көрсетуді тапсырды.

Аудандық архив және Азаматтарға арналған үкімет ғимараттарыныӊ жобасы бірқатар өзгерістер енгізілгеннен соӊ мақұлданды. Сол сияқты Амандық Баталов биылғы жылы маусымда құрылысы аяқталатын сервистік әкімдік ғимаратыныӊ жаӊғырту жұмыстарын да көрді.

Бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана құрылысыныӊ дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл жобаны да облыс әкімі жіті қарап шықты.

Амандық Баталов аудан, қала әкімдерініӊ жаӊа ауданға көмек көрсету туралы өз тапсырмасын қалай орындағандарына баға берді. Мәселен, Іле, Көксу, Ескелді аудандары көп қабатты тұрғын үйлердіӊ шатырларын ауыстырып, жөндеп берген. Кейбір үйлерде мұндай жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Облыс әкімі Райымбек ауданыныӊ әкімі Жолан Омаровқа тиісті органдармен бірлесіп, Нарынқолдағы көп қабатты тұрғын үйлерді түгел толыққандызерделеп шығуды тапсырды. Сондай-ақ,олардыӊ қасбеттерін жөндеуді, шағын қазандықтар салып, орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосуды"Өӊірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы арқылы атқару тетігін қарастыру керектігін айтты. Егер үйлер апаттық жағдайда болса, оларды сүріп тастап, болашақта орнына жаӊа үй салуды да ойластыру қажет.

Облыс басшысы балалар ойын алаӊдары мен спорттық алаӊдардыӊ сапалы, талғаммен салынғанын атап өтті. Мысалы, Алакөл ауданы жалпы алаӊы 800 шаршы метр болатын, барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар ойын алаӊын салған. Сол сияқты Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Панфилов ауданы да осындай алаӊдармен аудан тұрғындарын қуантқан.

Райымбек ауданыныӊ мәдениет үйінде аудан активімен кездесу өткізіліп, фойеде есептік көрме ұйымдастырылды. Аудан әкімі Жолан Омаров 2018 жылғы ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, 2019 жылғы іргелі инвестициялық жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, биылғы жылы "Дархан" шаруа қожалығы Сарыжаз ауылдық округінде 1 мыӊ басқа арналған мал бордақылау алаӊын ашады. Жобаныӊ жалпы құны - 100 млн. теӊге, 12 жұмыс орны құрылады. Сол сияқты Жамбыл ауылдық округінде де 400 басқа арналған, жалпы құны 36 млн. теӊге тұратын бордақылау алаӊы пайда болады. "Лабасы-А" кооперативі де 12 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

Ауданда алтын өндіру жобалары да бар. Мәселен, алтынды тәжірибелік-өндірістік өндіру мен бағалау ісінде мамандандаған "Gold Production" ЖШС биылғы жылдыӊ көктеміне қарай алтын өндіре бастауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар Жамбыл ауылдық округінде жүзеге асырылады, инвестиция сомасы - 8 млрд. 649 млн. теӊге. Жобаны жүзеге асыру барысында 2019-2026 жылдары 60-тан 80 адамға дейін жұмыспен қамту жоспары бар. Тағы екі компания - "СКН" және "Нарынқол Голд" ЖШС-лары да алтын іздеумен, өндірумен айналыспақ. Инвестицияныӊ жалпы көлемі 3 млрд. теӊгеден асады. Жобалар 2019-2020 жылдары іске асырылады.

Райымбек ауданыныӊ туризмін дамыту ісі де көӊіл қуантады. 2019-2020 жылдарға арналған жобалардыӊ ішінде "Ретай" экоауылы, "Шыӊдал-сан" эко-туристік және халықаралық аӊ аулау демалыс орны және т.б. бар. Мұнда 200-ге жуық жұмыс орнын құру, 500 млн. теӊгедей инвестиция тарту жоспарланған.

Картоп өсіру ісі де назардан тыс қалған жоқ. Жалпы өткен жылы 5655 га жерден 113 269 тонна картоп жиналған.

Көрменіӊ таныстырылымы аяқталғаннан кейін облыс әкімі Амандық Баталов аудан активімен кездесу өткізді.

- Сіздермен жүздесіп, атқарылған жұмысты және алдағы жоспарды талқылау үшін арнайы келдім. Қазір ауданда инфрақұрылымды қалпына келтіру, әкімшілік ғимараттарды және әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл істерді жылдамдату керек. Кейбір бағыттарда баяулық байқалады, қарқынды азайтуға болмайды. Президенттіӊ Жарлығы шыққанына бір жылға жуық уақыт болды, нақты тапсырмалар берілді, солардыӊ барлығын сапалы, өз уақытында аяқтау керек. Өзімніӊ бірінші орынбасарыма айына бір рет ауданға шығып, тапсырмалардыӊ орындалу барысын қадағалап тұруды тапсырамын. Бұл ретте жаӊа аудандағы істер жұмыс барысында күнделікті бақылауда болуы тиіс. Облыстыӊ аудан, қалаларыныӊ әкімдері көмектесті. Мысалы, кейбір аудандар балалар алаӊдарын, спорттық алаӊдар салып берді, кейбіреуі үйлердіӊ шатырларын ауыстырып берді, бірақ кәсіпкерлерді тарта отырып, бұдан да ауқымды жұмыстарға қол ұшын созуға болар еді. Текелі қаласыныӊ, Ақсу ауданыныӊ әкімдеріне бүгінге дейін ешқандай көмек көрсетпегендері үшін екі есе жүктеме тапсырамын. Нарынқол дамыған, көркі көз тартатын аудан орталығына айналуы керек. Сол себепті де мен бүгін кейбір ғимараттардыӊ жобасын қайта қарауды тапсырдым. Ұсақ-түйек детальдарына дейін талғаммен ойластырылуы керек. Жұмыс сапасына ерекше мән бере отырып, белгіленген мерзімде бітіруге күш салынуы тиіс, - деді өз орынбасарлары мен облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларына тапсырма бере отырыпА.Баталов.

Бірінші кезекте әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандарға қатысты мәселе сөз болды. Амандық Баталов әрбір нысанныӊ - емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аудандық және ауылдық әкімдіктер, ТЖ, архив, прокуратура ғимараттары, Азаматтарға арналған үкімет және т.б. нысандардыӊ пайдалануға берілетін мерзімін нақты белгілеп берді. Сол сияқты облыс әкімі жастармен кездесуінде айтылғандай, әрбір аудан орталығы мен қалаларда жастарға қызмет көрсету орталығы салыну тиістігін еске салды:

- Талдықорғанда мұндай орталық бар. Бізге тағы 19 орталық салу керек. Эскиздік жобасын дайындаӊдар, келісуге ұсыныӊдар. Биылғы жылды Елбасы Жастар жылы деп жариялады. Жастардыӊ жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар қарастырылған Жастарға қызмет көрсету орталықтарыныӊ құрылысынақатысты жұмыстардыӊ барлығын биылғы жылы бітіруіміз керек, - деді А. Баталов.

Ауданды одан әрі дамыту жоспарларын талқылай отырып, картоп сақтау қоймаларыныӊ құрылыс жүргізу, әлеуметтік жобаларға бөлінетін грант санын ұлғайту, интернет сапасын жақсарту туралы ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Сонымен қатар негізгі пульті аудандық полиция бөлімшелеріне келіп тоғысатын бейнебақылау жүйесімен қамту, ауданды табиғи газға қосу жұмысын ойластыру мәселелерін де тапсырды.

Жиын қорытындысында:

- Жалпы ауданда жұмыс жақсы жүріп жатыр. Илі де атқарылатын іс көп. Мемлекет қолдауыныӊ арқасында біздіӊ мүмкіншіліктеріміз мол, барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Қолға алынып жатқан жобалардыӊ сапасы бірінші кезекте талап етілетін болады, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны