21.04.2010, 18:23 3903

Алматы облысы Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

Алматы облысы Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысы Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасының үстінен өз бұйрығымен су қоймасын өтеусіз түрде тұрақты пайдалануға бергені үшін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті Алматы облысы Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ағдарбек Сабыровқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 308-бабының 3-бөлігі (Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы - 8 жылға бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғады",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, "тергеу оның 1998 жылы аталған лауазымды атқара отырып, (Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 22 қаңтардағы Жарлықтарын, сондай-ақ ҚР Су кодексін бұзып), өз бұйрығымен су қоймасын Бекеевтің шаруа қожалығына өтеусіз түрде тұрақты пайдалануға бергенін анықтады".

Аталған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тергеу барысы ерекше бақылауда, деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны