08.09.2017, 16:14 5987

Алматы облысы Ұйғыр ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 846 жер учаскесі берілмек

Ұйғыр ауданы әкімініӊ орынбасары Құралбек Бекмұханбетовтыӊ айтуынша, мұнда бүгінгі күні су құбыры, кәріз және электр жүйелері жүргізілуде. Сондай-ақ көшелерге арық жүйесі жүргізіліп, су жинақтаушы резервуарлар қойылған. Бұл жерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 846 жер учаскесі берілмек.

Талдықорған. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімініӊ міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Ұйғыр және Панфилов аудандарында жұмыс сапарымен болып, бірнеше нысандардағы құрылыс жұмыстарыныӊ сапасымен танысып қайтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметінен.

Еӊ алдымен ол Шонжы ауылыныӊ солтүстік-батыс бөлігінде бой көтеріп келе жатқан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер учаскелерінде инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу жұмыстарымен танысты.

Ұйғыр ауданы әкімініӊ орынбасары Құралбек Бекмұханбетовтыӊ айтуынша, мұнда бүгінгі күні су құбыры, кәріз және электр жүйелері жүргізілуде. Сондай-ақ көшелерге арық жүйесі жүргізіліп, су жинақтаушы резервуарлар қойылған. Бұл жерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 846 жер учаскесі берілмек. Бас жоспарға сәйкес, болашақта 1200 орындық орта мектеп пен 280 орынға арналған балабақша да бой көтереді. 6 өрт сөндіру техникасына арналған өрт сөндіру депосы салынады. Сонымен қатар 3 га аумақты емхана салуға арнайы белгілеп қойған. Құрылыс жұмыстарыныӊ Бас мердігері - "Қиықбай строй сервис" ЖШС.

Бүгінгі күні жұмыстардыӊ 70 % аяқталған. Нысан ағымдағы жылдыӊ қараша айында пайдалануға өткізілмек. Дайын учаскелер 2018 жылдан бастап жер алуға өтініш берген азаматтардыӊ арасында кезек реті бойынша берілетін болады.

Осы жерде жалға берілетін 10 баспананыӊ құрылысы аяқталуға жақын. Ағымдағы жылдыӊ 15 қыркүйегінде арнайы құрылған жұмыс комиссиясы нысандарды қабылдап, 20 қыркүйектен бастап түрлі санаттар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беретін болады. Бұл нысандардыӊ құрылысын жүргізген - "Арай" ЖШС.

Нысанныӊ құрылыс жұмыстарымен танысқан Л.Тұрлашов атқарылып жатқан жұмыстардыӊ қарқынын бәсеӊдетпей, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында халықты баспанамен қамту мәселесін шешуді және Шонжы ауылын әрі қарай дамытуды тапсырды. Сондай-ақ азаматтарға берілетін жер учаскелеріне үй тұрғызар алдында, әрбір жер иесіне салынатын үйлердіӊ сәулет - құрылыс талаптарына сай болуын ескертуді міндеттеді.

Осыдан кейін Л.Тұрлашов Панфилов ауданына барып, Нұркент қалашығыныӊ құрылысымен танысып, құрылыс материалдарыныӊ сапасына мән беруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны