07.09.2017, 15:26 5323

Алматы облысы Ұйғыр ауданыныӊ әкімі болып Шухрат Нурханов тағайындалды

Бүгін Ұйғыр ауданында өткен аудан активініӊ кездесуінде Алматы облысы әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов ауданға жаӊа әкім Ш.Нурахуновты таныстырды.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Ұйғыр ауданында өткен аудан активініӊ кездесуінде Алматы облысы әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов ауданға жаӊа әкім Ш.Нурахуновты таныстырды.

Жиын барысында аталғандай, оныӊ кандидатурасы жақында өткен аудандық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында көпшілік депутаттыӊ қолдауына ие болған.

Облыс әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов аудан активіне жаӊа әкімді таныстыра келе, бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Алимжан Тохтасуновқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Шухрат Нурханов кандидатурасын қолдап, сенім білдіргендерге алғысын жеткізіп, алдағы уақытта өзіне артылған барлық міндеттерді абыроймен атқаратындығын атап өтті.

Еске сала кетейік, Алматы облысы аумағыныӊ көлемі 223,5 мыӊ ш2. (Қазақстан жерініӊ жалпы көлемініӊ - 8,2%) құрайды.

Облыс құрамына облыстық маӊызы бар 2 қала (Талдықорған және Қапшағай), оныӊ ішінде 1 моноқала (Текелі), аудандық бағынысты 7 қала, 16 аудан, 731 ауылдық елді мекен кіреді.

Халық саны 2015 жылдыӊ 1 шілдесіне 1933,9 мыӊ адамды құрайды. Халық құрамы 103 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өӊірге жатады. Қазақстанныӊ мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласыныӊ жақын орналасуы маӊызды фактор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы облыстағы халықтыӊ жұмыспен қамтылған еӊ ірі секторы болып табылады (жалпы жұмыспен қамтылудыӊ - 27,1%), 54 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары және 354 мыӊ халықтыӊ жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс жасайды.

Облыстыӊ аграрлық секторы - көпсалалы, ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ 30-дан астам түрі егіледі, ауыл шаруашылығы малдарыныӊ 45 түрі өсіріледі және 35 түрден астам өӊделген азық-түлік тауарлары шығарылады.

Ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы өндірісі бойынша облыс республикада еӊ жоғары көрсеткішке ие - 425,3 млрд. теӊге, бұл 202 жылғы деӊгейден 1,2 есе артық. Өӊір елдегі дәндік жүгері (үлестік салмағы - 62%), қант қызылшасы (38%) және майбұршақ (96%), көкөніс (27%), жеміс және жидек (37%), ет (19%), сүт (13%) жүн (22%) және жұмыртқа (23%) өндірісі бойынша алдыӊғы орында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны