21.07.2017, 21:46 4167

Алматы облысы Үшарал қаласыныӊ әуежайы ашылды

Салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов өӊірде туримзді өркендету бағытында атқарылып жатқан шаралар, соныӊ ішінде инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандардыӊ құрылысы жайлы айтып өтті.

Талдықорған. 21 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы Үшарал қаласыныӊ әуежайы ашылып, әуежайға Астанадан алғашқы рейспен демалушылар ұшып келді. Мұндағы ескі әуежайдан соӊғы ұшақ осыдан ширек ғасыр бұрын ұшқан болатын - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов өӊірде туримзді өркендету бағытында атқарылып жатқан шаралар, соныӊ ішінде инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандардыӊ құрылысы жайлы айтып өтті.

- Бүгін бәріміз үшін - тарихи күн. Елбасыныӊ облысымызға 2014 жылы іссапармен келгенде берген тапсырмаларыныӊ бірі - Алакөл көлінде туристік саланы дамыту болатын. Соған сәйкес өӊірде туристік инфрақұрылым қарқынды дамып, заманауи туристік нысандар, қонақ үйлер көптеп салынуда. Соныӊ нәтижесінде Алакөлге елімізбен қатар ТМД-дан, тіпті алыс шетелдерден де демалуға азаматтар келіп жатыр. Алакөлдіӊ туристік потенциалы зор. Жаӊа әуежайдыӊ ашылуы туристік саланыӊ одан әрі дамуына тыӊ серпін береді деп ойлаймын, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар Алматы облысыныӊ Құрметті азаматы Мұхтар Жолжанов, ауданныӊ басқа азаматтары көпшілікке өз құттықтауын жеткізіп, мемлекеттік қолдауға ризашылығын білдірді.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Е. Жасыбаевтыӊ айтуынша, әуежайдыӊ құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлініп, құрылысын "ASD Group" ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда "Жетісу" авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет "Астана-Үшарал-Астана" және үш рет "Талдықорған - Үшарал - Талдықорған" бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теӊге қаржы бөлінді. Атап өтсек, Астанадан ұшатын рейстіӊ құны 16 мыӊ теӊгеден, Талдықорған рейсі 8 мыӊ теӊгеден.

Бұған дейін 2015 жылдан бастап "Жетіген-Достық-Жетіген" бағытындағы темір жол қатынасы қолға алынған болатын. Алғашында 16 вагонмен басталып, қазіргі кезде сұраныстыӊ артуына байланысты вагондар саны 23-ға жеткен.

Жалпы, Алакөл маӊында туризм бағыты бойынша 162 нысан қызмет көрсетеді.

"Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2014 жылы 200 млн. теӊге, 2015 жылы 352 млн. теӊге бөлінді. Ақши және Көктұма ауылдары кәріз жүйесі құрылысыныӊ құжаттарын дайындауға 21,6 млн. теӊге қарастырылды. Ақши ауылыныӊ демалыс аймақтарына дейін баратын 23 шақырым жолдыӊ құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ауыз су құбыры жүйесі 343 млн. теӊгеге жасалып, пайдалануға берілді. Жуық арада "Талдықорған-Үшарал" автожолыныӊ жөндеу жұмыстары басталады.

2016 жылы Алакөлде 452 мыӊнан астам адам демалса, биылғы жылы 500 мыӊнан астам келеді деп күтіліп отыр,- деп хабарлайды Алматы облысы ?кімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны