03.07.2014, 20:50 3443

Алматы облысына "иновациялық автобус" әкелінді

Шараға қатысуға бірқатар бизнес идеялары ұсынылды: виртуалды туризм мен үнемді жанармайдың жаңа түрінің өндірісінен бастап "3D шатыр" баспа құрылғысы мен пластиктен жол қақпақтарына дейінгі идялар ұсынылады.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. "Иновациялық автобус" Алматы облысына келіп жетті.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен байқауға жас өнертапқыштар, сәуір айында өткен "Атамекен Startup" бизнес-идеялары байқауының қатысушылары мен жеңімпаздары қатыса алады, деп хабарлайды palata.kz сайты.

Шараға қатысуға бірқатар бизнес идеялары ұсынылды: виртуалды туризм мен үнемді жанармайдың жаңа түрінің өндірісінен бастап "3D шатыр" баспа құрылғысы мен пластиктен жол қақпақтарына дейінгі идялар ұсынылады. Сонымен қатар, қатысушылар өңірлік климаттарды ескеріліп жасалған онлайн қызмет түрлерін көрсетті. Шараға "виртуалды туризм" жобасы да қатысады. Ол Алматы облысы мен еліміздің туристік жерлерін онлайн түрде көрсететін болады. Және де "Марс" командасы өнімнің барлық қасиеттерін сақтайтын көкеністі гелиокептіру жобасы да бар.

Байқау аясында инноваторлар қас қағым сәтте байқауға қатысуға өтініш беріп, өздерінің жобалары бойынша мемлекеттік қолдау көздері туралы кеңес ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, байқау жеңіммпаздары 7,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал 2-3 орын иелері тиісінше 2,5 және 1 млн теңгеден алмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны