17.05.2018, 00:07 5710

Алматы облысына Швейцарияныӊ Тичино кантоныныӊ ресми делегациясы келді

Өткен жылы өзара ынтымақтастық жөнінде екі жақты қол қойылған меморандумныӊ жалғасы ретіндегі осы кездесу барысында ауыл шаруашылығы, туризм, тұрмыстық қатты қалдықтарды өӊдеу салалары бойынша серіктестік мәселелері талқыланды.

Талдықорған. 16 мамыр Kazakhstan Today - Швейцарияныӊ Қазақстан Республикасындағы елшісі Урс Шимдтіӊ жетекшілігімен Швейцария конфедерациясыныӊ Тичино кантоныныӊ ресми делегациясы Алматы облысына келді. Делегациямен облыс әкімі Амандық Баталов кездесті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өткен жылы өзара ынтымақтастық жөнінде екі жақты қол қойылған меморандумныӊ жалғасы ретіндегі осы кездесу барысында ауыл шаруашылығы, туризм, тұрмыстық қатты қалдықтарды өӊдеу салалары бойынша серіктестік мәселелері талқыланды.

- Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ республикадағы жалпы көлемініӊ 17-20 %-ін өндіреді. Сондықтан біз үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеуді дамытудыӊ маӊызы зор. Осыған орай бізді сіздердіӊ технологияларыӊыз қызықтырады. Біздіӊ кәсіпкерлердіӊ сіздердіӊ бизнес орталарыӊызбен өзара тығыз қарым-қатынас орнатқанын қалаймыз. Ол үшін бізде барлық жағдай бар: жайлы инвестициялық климат жасалған, инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген арнайы индустриалдық аймақтар бар. Сіздерден туризмді дамыту, соныӊ ішінде тау туризмін дамыту жағынан үйренеріміз көп. Өйткені біздіӊ табиғи-климаттық ерекшелігіміз дәл осы бағытты дамытуға қолайлы. Сонымен қатар біз тұрмыстық қатты қалдықтарды өӊдеу ісі ерекше қызықтырады. Өткен жылы Астана қаласында қос тарап ынтымақтастық орнату ниетімен меморандумға қол қойған болатынбыз. Бүгінгі кездесу сол ынтымақтастықтыӊ жалғасы деп білеміз, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Өз кезегінде Урс Шмид мырза Жетісу өлкесі өзініӊ ерекше көркем табиғатымен тәнті еткенін атап өтті. Облыс орталығы Талдықорған қаласы өзініӊ көгалдарымен, әсем келбетімен ұнаған. Бұл өӊірдіӊ инфрақұрылымы жақсы дамығаны, ауыл шаруашылығыныӊ әлеуеті зор екені байқалып тұрғанын да тілге тиек етті.

- Швейцариялық компанияларда Алматы облысына инвестиция тартуға ниетті. Өӊір өзініӊ инфрақұрылымымен тартымды. Облыс нарығында түрлі ірі халықаралық компаниялар табысты жұмыс істеп келе жатқанын білеміз. Біз өз тарапымыздан жаӊа айтып өткендей, ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, ТҮКШ, жасыл энергетиканы дамыту салалары бойынша әріптестік байланыс орнатқымыз келеді. Еӊ бастысы -өзара түсіністікте, бірлесіп бизнес жүргізу, - деді дипломат. Мұнан соӊ сөз алған Тичино сауда-өнеркәсіп палатасыныӊ ресми өкілі Альберт Лотти мырза да кантонныӊ бизнес қауымдастығы Алматы облысымен өзара ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір екендігін жеткізді.

Кездесуді қорытындылаған Амандық Баталов делегацияға Жетісу жеріне келген сапары үшін ризашылығын білдіріп, серіктестік байланыстыӊ нәтижелі болатынына сенім білдірді.

Бұдан кейін ресми делегация облыс тауар өндірушілерініӊ көрмесі қойылған Талдықорғандағы Көрме кешеніне барды. Сапардыӊ жалғасы ретінде В2В форматында облыс кәсіпкерлерініӊ қатысуымен бизнес-форум өтті.

Бүгін швейцариялықтардыӊ сапары жасыл энергетиканы дамыту бойынша Қапшағай қаласында жалғасады. Тичино кантоныныӊ өкілдері "Самұрық Грин Энерджи" ЖШС-ныӊ күн электр стансасы мен жел энергетикасына маманданған "АННАР" ЖШС-да болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны