10.08.2017, 19:07 4394

Алматы облысында 2017 жылдыӊ бірінші жартысында 4 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ хабарлауынша, қазіргі кезде жалпы сомасы 3,4 млрд. теӊгеге 22 денсаулық сақтау нысананыӊ құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 7 нысан 976,2 млн. теӊгеге күрделі жөндеуден өтуде.

Талдықорған. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында биылғы жылдыӊ бірінші жартысында 4 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ хабарлауынша, қазіргі кезде жалпы сомасы 3,4 млрд. теӊгеге 22 денсаулық сақтау нысананыӊ құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 7 нысан 976,2 млн. теӊгеге күрделі жөндеуден өтуде.

Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестіӊ 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарыныӊ талаптарына сай атқарылған жұмыстар нәтижесінде өӊірде биылғы жылдыӊ бірінші жартысында сырқаттанушылық 6,6 %-ға төмендеген. Өткен жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес қызметінде жүргізіліп жатқан интеграциялауға сәйкес 5 аудандық туберкулез ауруханасы Талдықорғандағы облыстық және Талғар аймақтық туберкулезге қарсы диспансерге біріктірілді.

2016 жылдыӊ соӊындағы жағдаймен, облыста 935 денсаулық сақтау ұйымы бар, оныӊ ішінде 777мемлекеттік және 158 жекеменшік (91,0%-і ауылдық жерлерде орналасқан). Сонымен қатар 441 ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер бейімделген ғимараттарда, 67 жалдамалы ғимарттарла орналасқан.

Облыстыӊ 50 адам және одан артық халқы бар барлық елді мекендері медициналық ұйымдармен толығымен қамтамасыз етілген. Ирекет етуші жүйелерді және шататтық санды нормативтерге сәйкестендіру үшін 2012-2014 жылдары 10 медициналық пункттер дәрігерлік амбулаторияларға қайта құрылды, 5 нейроинсульттік бөлімшелер ашылып, қосымша 2,9 мыӊ штаттық бірлік бөлінді.

Ауылдық денсаулық сақтау мамандарыныӊ көпшілігі зейнеткерлік алдындағы және зейнекерлік жастағы мамандар болып табылады (30,0%-тен астамы). Облыста дәрігерлер тапшылығы 205 адамды құрайды, олардыӊ ішінде ауылда - 120.

Негізгі мәселелер:

o емханалардыӊ жетіспеушілігі;

o стационарлардыӊ қажеттілігі;

o дәрігер мамандарыныӊ тапшылығы;

o медицина қызметкерлерініӊ еӊбекақы төлемініӊ төмен деӊгейі;

o медицина қызметкерлерініӊ тұрғын үймен жеткіліксіз деӊгейде қамтамасыз етілуі;

o ғимарат қажеттілігі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны