21.08.2017, 16:03 5932

Алматы облысында 23 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілуде

Алматы облысында 23 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 4 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау мен мәдениет нысандары да назардан тыс қалған жоқ. Ирбір нысандағы жұмыстардыӊ жайы облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ селекторлық режимде өткізген жиынында айтылды.

Талдықорған. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында 23 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 4 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау мен мәдениет нысандары да назардан тыс қалған жоқ. Ирбір нысандағы жұмыстардыӊ жайы облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омардыӊ селекторлық режимде өткізген жиынында айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Майгүл Омарованыӊ айтуынша, жаӊа оқу жылына дайындық облыстағы барлық білім беру ұйымдарында толыққанды жүріп жатыр. Күрделі жөндеу 18 мектеп, 1 колледж бен 4 балабақшада жүргізілуде. Панфилов, Талғар, Іле, Ұйғыр аудандарындағы 4 нысанда жұмыс кестесінен кешігу бар.

Жиын барысында оқулықтармен қамту мәселесі талқыланды. Қазіргі кезде баспалардыӊ қоймаларынан оқулықтар жеткізу жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыс 25 тамызда аяқталады. Жеткізу процесін жылдамдатуды тапсырылды.

Колледждерді дамыту мәселесіне көӊіл бөлінді. Биылғы жылы облыстыӊ бірқатар колледждеріне өӊірдегі еӊбек нарығыныӊ сұранысына сәйкес іріктелген жаӊа мамандықтар енгізіліп отыр. Мамандар жуық арада іске қосылатын Ақсу қант зауытына, темір жолға және газдандыру жүргізуге қажет. Жаӊа мамандықтар абитуриенттер арасында сұранысқа ие болғандықтан қабылдау жалғасуда.

Мәдениет нысандарыныӊ жөндеу жұмыстары туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасыныӊ басшысы Ақан Ибдуәлиев баяндады. 5 нысанда, яғни 4 мәдениет үйі мен 1 мұрағат ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілуде. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес.

Облыс әкімініӊ орынбасары Ж. Омар оқу процесі тиісті жағдайда басталуы, сондықтан мердігерлер жұмысты мерзімінде аяқтауы үшін проблемалық нысандары бар аудандардыӊ жауаптылығы мен белсенділігі екі есе болуы керектігін ескертті.

- Білім беру нысандарыныӊ жаӊа оқу жылыныӊ басталуына дайындық мәселесі облыс әкімініӊ тұрақты бақылауында. Күрделі жөндеу жасалып жатқан мектептер 1 қыркүйек күні оқушыларды қабылдауға дайын болуы үшін барлық күш-жігер жұмсаулы тиіс. Білім нысандарыныӊ мерзімінде пайдалануға берілуін, сонымен қатар мектеп оқулықтарымен дер кезінде қамту ісін күнделікті бақылауда ұстаӊыздар, - деді Ж.Омар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны