15.06.2009, 14:36 1342

Алматы облысында 3 адамның өліміне алып келген атысқа қатысушылар құрықталды - ІІМ

Алматы облысында 3 адамның өліміне алып келген атысқа қатысушылар құрықталды - ІІМ

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында 3 адамның өліміне алып келген атысқа қатысушылар құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"4 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында екі топтың арасында криминалдық жанжал болды, қару қолданылып, жанжал жол-көлік оқиғаларының салдарынан орын алған",- деді Қ.Жұманов.

Атыс салдарынан үшеуі мерт болып, тағы да екеуі оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған жерде көп гильза, сонымен қатар нөмірі шағылған "ТТ" тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, қылмыскерлер 3 автокөлікті тастап кеткен.

ІІМ ақпаратына сәйкес, "Перехват" жоспары барысында сол күні кешке Алматы қаласында "Буран" патрульді экипажы "Мерседес" автокөлігін ұстап, онда аталған жанжалдың екі қатысушысының барлығы анықталды. Олар, құтылу үшін машинадан аң ататын шолақ мылтықты лақтырып жіберген.

Ал, Қ.Жұмановтың айтуынша, 13 мамырда Астана қаласында жалға алынған пәтерде жанжалдың 3 қатысушысы, 19 мамырда Шымкент қаласында тағыда екі күдікті ұсталды, олар жоғарыда көрсетілген үш кісі өлтіру қылмысын жасады деген кінә тағылуда.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысының аумағында осы инциденттің 17 қатысушысы ұсталды, жәбірленуші жағынан және аталған қылмысты жасаған күдікті төртеу. Ақтөбе облысының Қандағаш станциясында ұсталған қылмыскерлердің біреуі бұрын сотталған. Ұстау кезінде одан атыста қолданған "ТТ" тапаншасы тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстың басқа да қалған қатысушыларын ұстау бойынша шаралар қолдануда",- деді ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны