02.07.2009, 10:01 1335

Алматы облысында Алматы - Бішкек тас жолында 10 килограмм героин ұсталды

Алматы облысында Алматы - Бішкек тас жолында 10 килограмм героин ұсталды

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында Алматы - Бішкек тас жолында 10 килограмм героин ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облыстық ІІД-нің қызметкерлері Алматы - Бішкек трассасында жол полициясының "Ростов" бақылау бекетінде 1 шілде күні түстен кейін Қырғызстан азаматы айдаған "Ауди-100" көлігі ұсталды.

Автокөліктің салонын тексеру барысында көлікте келе жатқан тағы бір Қырғызстан азаматы, Бішкек тұрғынының сөмкесінен 10 килограманн аса героин табылды, деп хабарлайды ІІД.

Қазір 31 жастағы Қырғызстан азаматы тұтқындалып, Алматы облысының Жамбыл АІІБ тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны