30.05.2014, 20:55 3697

Алматы облысында "Алматы-Қорғас" автожолының құрылысы талқыланды

Сонымен бірге кездесуде "Алматы-Қорғас" жолын салу мәселесі қозғалды. Өйткені бұл Қазақстан аумағындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізін реконструкциялау жобасының ең соңғы учаскелерінің бірі болып саналады, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. "Қазавтожол" ҰК" АҚ-ның Алматыдағы филиалындағы өткен кеңес барысында ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мерігерлік ұйымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу, салу және реконструкциялау жұмыстары барысынв тұрақты бақылау.

Сонымен бірге кездесуде "Алматы-Қорғас" жолын салу мәселесі қозғалды. Өйткені бұл Қазақстан аумағындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізін реконструкциялау жобасының ең соңғы учаскелерінің бірі болып саналады, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

"Алматы-Қорғас" автожолының жалпы ұзындығы - 304 км. Бүгінгі күнге 4 мердігер ұйым жолдың 8 учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың өзінде "Алматы-Қорғас" бағытының 71 километрі бойында қозғалыс ашылады деп күтілуде.

Жалпы бұл жобаны толықтай аяқтау 2016 жылға жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң цемент-бетон жамылғысы бар "Алматы-Қорғас" автожол төрт жолақты қозғалысы бар І техникалық категорияға өткізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны