20.04.2017, 15:41 5717

Алматы облысында Балқаш көлін құтқару жұмыстары жалғасуда

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ бөлім басшысы Нұрлан Шаяхметовтіӊ айтуынша, Балқашты құтқаруға бағытталған соӊғы жылдардағы жұмыстардыӊ нәтижесінде 15 мыӊ шаршы шақырым жайылымдық жер шаруалардыӊ игілігіне қайтадан қызмет ете бастаған.

Талдықорған. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Балқаш көлініӊ негізгі бөлігін құрайтын Іле мен Қаратал өзендері десек, көлді құтқарудыӊ басты шаралары да осы өзендердіӊ маӊында жүргізілуі қажет. Бұл орайда, Алматы облысы аталмыш өзендердіӊ арналарын құм-қайраннан тазалау мен түбін тереӊдету жұмыстарына ерекше назар аударып келеді. Бұл өз кезегінде Балқаштыӊ тұтас экологиялық жүйесіне оӊ әсерін тигізіп, су қорын молайтумен қатар флорасы мен фаунасын сақтап қалуға, балық шаруашылығын қайта жандандыруға септігін тигізуде. Мәселен, Іле өзенініӊ Балқаш ауданы тұсындағы тармағыныӊ 33,4 шақырымын тазартуға биылғы жылы 70,7 млн. теӊге бөлініп отыр. Ал Қаратал өзенініӊ арнасын тазалау жұмыстары үшін арнайы құрылған "Қаратал" мелиоративті-механикаландырылған отряды соӊғы 3 жылда өзенніӊ 27 шақырымын тазалаған, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысыныӊ орынбасары Қанат Дәуренбековтіӊ айуынша, биылғы жылы Іле және Қаратал өзендерініӊ тармақтарын механикалық тазарту бойынша 4 жоба әзірлеуге облыстық бюджеттен 41,1 млн. теӊге бөлінген. Қазіргі кезде 1 жоба жүзеге асырылып, 3-еуі екінші жартыжылдықта орындалады деп жоспарланып отыр.

Көктем шыға "Балқаш" мелиоративті-механикаландырылған отряд мамандары Іле өзенініӊ тармағы саналатын Топар өзенініӊ бойында тазарту жұмыстарын бастады. Бұған дейін қамыс пен батпақ қайранға шыланған су Балқашқа жетпегенімен қоса, жайылып, Топар ауылын, ауылдыӊ шабындық жерлері мен жайылымдық жерлерін су басу қаупін тудырған еді. Бұл арнаны тазалау арқылыаталған мәселелердіӊ барлығыныӊ шешімі табылатын болады.

Биылғы жылдыӊ шілде айыныӊ соӊына дейін мелиоративтік отряд Топар өзенініӊ барлық 33 шақырымын түгелдей қамтымақ. Бүгінге дейін 27 техника жұмылдырудыӊ арқасында өзенніӊ 20 шақырымы тазартылып үлгерген. Бұл жұмыс қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Одан кейін Іле өзенініӊ басқа да тармақтары тазартылатын болады.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ бөлім басшысы Нұрлан Шаяхметовтіӊ айтуынша, Балқашты құтқаруға бағытталған соӊғы жылдардағы жұмыстардыӊ нәтижесінде 15 мыӊ шаршы шақырым жайылымдық жер шаруалардыӊ игілігіне қайтадан қызмет ете бастаған. Оған қоса Балқаш көліндегі балық аулау деӊгейі бірнеше есеге артқан. Жалпы соӊғы он екі жылда Іле мен Қаратал өзені аӊғарларыныӊ 641 шақырымы тазартылды.

Балқашты құтқару - маӊызды әрі ауқымды жоба. Мамандар Балқаштыӊ теӊдессіз көл екенін, оныӊ су айдынын ғана емес, тұтас экожүйесін сақтаудыӊ маӊыздылығын жиі айтады. Сондықтан бұл мәселеоблыс басшылығыныӊ тұрақты бақылауында.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны