02.08.2017, 19:16 4645

Алматы облысында биылғы жаӊа оқу жылында колледждерге 1535 білім алушы қабылданатын болады

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде Алматы облысында биылғы жаӊа оқу жылында колледждерге 1535 білім алушы қабылданатын болады.

Талдықорған. 2 тамыз. Kazakhstan Today - "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеӊберінде Алматы облысында биылғы жаӊа оқу жылында колледждерге 1535 білім алушы қабылданатын болады. Оқуға қабылдануға үміткерлер тізімін жергілікті жерлерде арнайы құрылған мобильдік топтар анықтауда. Бүгінгі күнге жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша 43 мамандықтыӊ тізбесі әзірленіп, колледждер тізімі бекітілген - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасыныӊ мәліметіне сүйенсек, өӊірдегі техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне биылғы жаӊа оқу жылында жалпы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде облыстық бюджет есебінен 5600-ден астам адам қабылдау жоспарланып отыр. Соныӊ 4500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқытылатын болады. Колледждерде техникалық және технологиялық, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша және басқа да бағытта мамандар даярланбақ.

Сонымен қатар бірқатар колледждерде жаӊа мамандықтар ашылды. Мәселен, олардыӊ қатарында "Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары", "Слесарь - вагондарды құраушы", "Ашыту процесініӊ операторы", "Сызушы", "Көкөніс тұздаушы", "Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері" және басқа да бүгінгі еӊбек нарығында сұранысқа ие бірқатар мамандықтар бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 90,2 млн. теӊге бөлініп отыр.

Облыстық әкімдіктіӊ сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында облыста 9024 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 21222 адамныӊ 6972-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 4843 адам жіберілді.

Иртүрлі әлеуметтік көмек 86,3 мыӊ алушыға 1195,5 млн. теӊге көлемінде төленді, оныӊ ішінде: аз қамтылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға - (31,8 мыӊ адамға) 334,8 млн. теӊге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - (2,1 мыӊ алушыға) 48,3 млн. теӊге.

Алматы облысыныӊ 2017 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратқа сәйкес, өӊірдегі жұмыссыздық деӊгейі 4,8% құрады (2017 ж. 1 тоқсанына).

2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында бір қызметкердіӊ орташа нақты еӊбекақысы 5,5% артып, 104,7 мыӊ теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны