22.06.2009, 14:40 3040

Алматы облысында бір отбасының үш адамын бірдей өлтіру қылмысы әшкереленді

Алматы облысында бір отбасының үш адамын бірдей өлтіру қылмысы әшкереленді

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында бір отбасының үш адамын бірдей өлтіру қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ағымдағы жылдың 9 маусымында Алматы облысы Боралдай кентінің кезекші бөліміне "Ардагер" саяжай қоғамында орналасқан үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Таңғы алтыда өртті сөндіру кезінде аталған үйден зорлық-зомбылық белгілері бар үш адамның жанған өлі денесі табылды".

Өрт салдарынан 1 қабаттың тұрғын бөлмелері толық жанып кеткен, өртенген үй жарақтарынан және құрылыс материалдарынан басқа Бурдин отбасының - үй қожайынының, әйелі мен олардың ұлының толығымен жанып кеткен денелері шығарылды.

Полиция ақпаратына сәйкес, "көршілері мен саяжай қоғамының тұрғындарынан жауап алу кезінде жәбірленуші әйелімен еш жерде жұмыс істемеген, спирттік ішімдікті теріс пайдаланған, өздерімен-өздері жеке тұрып, ешкіммен араласпаған. Олардың ұлдары спирттік ішімдік ішпеген, үйленбеген, Боралдай кентіндегі АҚ-ның бірінде жұмысшы болып істеген. Соңғы уақытта Бурдиннің отбасында ақша пайда болған, себебі олар автомашина алмақ ниетте болды. Жәбірленушінің әйелі күйеуінің әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін олардың пәтері мұраға қалдырылғанын, ол пәтерді сатып, көп ақша алғанын мақтанышпен көршілеріне айтқаны анықталды".

Тексеру барысында жәбірленушінің әкесі қайтыс болғаннан кейін оларға Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтер қалғаны, оны мұралыққа туыстарына рәсімдегені және аталған пәтерді 68 000 АҚШ долларына сатқаны анықталды. Содан кейін жәбірленуші өзіне тиесілі бөлігіне, яғни 22 833 АҚШ доллар ақшаға ие болған.

"14 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Боралдай кентінің екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі "В" есімді жігіт жәбірленушінің отбасымен жақын араласып, олармен бірге спирттік ішімдіктер ішкен және ақша туралы хабардар болған. Онымен бірге тағы да үш жігіт алдын ала келісіп, ақшаны иелену мақсатымен жәбірленушінің үйіне қарақшылық шабуыл жасайды. Оларды байлап, ұрып-соғады. Үй иесін баумен буындырып өлтіреді. Содан кейін қылмыс ізін жасыру мақсатында үйді өртейді",- делінген хабарламада.

ҚР ІІМ-нің ақпаартына сәйкес, 16 маусымда Үшарал ауылында осы қылмысты жасауға қатысқан тағы бір мүшесі ұсталып, ол Бурдиннің отбасын өлтіргенін мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны