12.03.2013, 12:43 3110

Алматы облысында экологиялық қозғалыстың белсендісін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Естеріңізге сала кетсек, бұрындары кісі өлтіру қылмысына марқұмның ағаштарды заңсыз кесуге қарсы экологиялық шеруге шығуы басты себеп болуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Ол бастамашыл топтың құрамындағы негізгі төрт қатысушының бірі болған.

Алматы. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысының полицейлері экологиялық қозғалыстың белсендісі Нұрлан Өтеулиевті өлтірді деген күдікпен ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұрындары кісі өлтіру қылмысына марқұмның ағаштарды заңсыз кесуге қарсы экологиялық шеруге шығуы басты себеп болуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Ол бастамашыл топтың құрамындағы негізгі төрт қатысушының бірі болған.

Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Көбейхан Нұрахмет хабарлауынша, ауыр қылмысты жасады деген күдікпен зардап шегушінің жиырма жеті жастағы туысы ұсталды. Кісі өліміне отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған, деп атап өтті ІІД-де.

"Шұғыл тергеу тобы көрші Жамбыл ауданында тұратын марқұмның туыстарының бірін айғақ заттарды ұсына отырып, жауапқа тартты. Жауап алу кезінде күдікті қылмысты жасағанын мойындауға мәжбүр болды", - деп хабарлады К.Нұрахмет.

Белгілі болғандай, күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның денесін Қырғауылды ауылының шетіне апарып тастаған.

Қылмыстық іске айғақ зат ретінде күдіктіден алынған 12 калибрлі аңшы мылтығы қосылды. Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны