10.09.2009, 11:00 1471

Алматы облысында "Халықаралық құтқару бөлімшелерінің қуатты жер сілкінісінің зардабын жою кезіндегі атқаратын қызметі" тақырыбында "Жетісу-2009" оқу-жаттығулары басталды

Алматы облысында "Халықаралық құтқару бөлімшелерінің қуатты жер сілкінісінің зардабын жою кезіндегі атқаратын қызметі" тақырыбында "Жетісу-2009" оқу-жаттығулары басталды

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында қыркүйектің 5-11 күндері Солтүстік Атлантикалық Альянстың қолдауымен халықаралық құтқарушылар қызметі бөлімшелерінің табиғат апатының зардабын жою кезіндегі бірлескен іс-қимылын пысықтауға арналған халықаралық "Жетісу-2009" оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Солтүстік Атлантикалық Альянстың басқаруымен өтетін "Жетісу-2009" атты халықаралық оқу-жаттығулардың мақсаты - еліміздің төтенше жағдайлар саласындағы мамандарын жер сілкінісінің қаупі кезіндегі іс-қимылдарға халықаралық стандарттарға сәйкес дайындау.

Биыл ол Орталық Азия аумағында осымен екінші рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін 2003 жылдың мамыр айында Өзбекстанда өткен болатын.

Бұл жаттығу "Халықаралық құтқару бөлімшелерінің қуатты жер сілкінісінің зардабын жою кезіндегі атқаратын қызметі" тақырыбында болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны