04.12.2013, 18:58 2897

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен қызды зорлап, артынан буындырып өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі аптаға жуық уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың өлімі әшкере болды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Алматы облысында екі аптаға жуық уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың өлімі әшкере болды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің мәйіті Еңбекшіқазақ ауданы, Төле би ауылындағы бейіттің маңынан табылған.

Полиция қызметкерлері ауыл шетінде өзінің автокөлігінде жәбірленушіні зорлап, сосын мойын орауышпен буындырып өлтірді деген күдікпен 25 жастағы Есік қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны