02.04.2012, 10:19 3239

Алматы облысында қару арсеналы бар ҰҚТ мүшелерінің бірі ұсталды

Полицейлердің Жаркент қаласында өткізген жедел-іздестіру шараларының барысында дәмханалардың бірінен жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтың 1979 жылғы бір мүшесі ұсталған.

Талдықорған. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында қару арсеналы бар ҰҚТ мүшелерінің бірі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, полицейлердің Жаркент қаласында өткізген жедел-іздестіру шараларының барысында дәмханалардың бірінен жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтың 1979 жылғы бір мүшесі ұсталған.

Қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесін ұстау операциясын облыстық ҰҚКБ (ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы) Алматы облысындағы Панфилов ауданының ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп өткізді.

Күдіктіні жеке тексеру барысында одан 9 мм. калибрлі 7 оғы бар "Макаров" тапаншасы мен 4 оғы бар "МР-79-9 ТМ" және 2 оғы бар "Стражник" травматикалық қарулары анықталып, алынды.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Панфилов АІІБ-не қамауға алынды. Алынған қару арсеналы баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны