13.01.2010, 16:36 3185

Алматы облысында қару қолданылған қарақшылық шабыл жасалды

Алматы облысында қару қолданылған қарақшылық шабыл жасалды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында қару қолданылған қарақшылық шабыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 қаңтарда сағат 19.05-те Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдана ауылынан 2 шақырым қашықтықта белгісіз төрт азамат "Mercedes Benz-190" автомашинасымен "Nissan Primera" автомашинасын тоқтатып, "Оса" жарақаттау тапаншасынан 40 жастағы жолаушысына оқ жарақатын келтіріп, оның 318 мың теңге ақшасын және У. есімді жолаушының 59 мың теңге ақшасын иемденген. Келтірілген зиянның жалпы көлемі - 377 мың теңге.

Қабылдаған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері "Mercedes Benz-190" автомашинасының жүргізушісін ұстады. Қылмысқа қатысушыларды анықтау және ұстау шаралары қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны