Система Orphus

Алматы облысында мәслихаттыӊ шешімімен жаӊа Нарынқол ауданы құрылатын болды

10.08.2017, 19:21 5817

Талдықорған. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында мәслихаттыӊ шешімімен жаӊа Нарынқол ауданы құрылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін Талдықорғанда YI шақырылған Алматы облыстық мәслихатыныӊ XX кезектен тыс сессиясы өтіп, онда жаӊадан Нарынқол ауданын құру туралы шешім қабылданды.

"Қазақстан Республикасыныӊ үкіметіне Алматы облысыныӊ құрамында облыстыӊ Райымбек ауданыныӊ аумағынан бөлу арқылы әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан, аумағы 711 937 гектарды құрайтын жаӊа аудан құру туралы ұсыныс енгізілсін",- делінген мәслихат сессиясыныӊ шешімінде.

Сондай-ақ, республикалық ономастикалық комиссияға жаӊадан құрылған ауданға Нарынқол деген атау беру туралы ұсыныс жолдауға шешім қабылданды.

Облыс аумағыныӊ көлемі 223,5 мыӊ ш2. (ҚР аумағыныӊ жалпы көлемініӊ - 8,2%) құрайды, республиканыӊ шеткі оӊтүстік-шығысында орналасқан және шығысында - Қытаймен, оӊтүстігінде-Қырғыз Республикасымен, солтүстігінде- Шығыс Қазақстан облысымен шекараласады, солтүстік-батысында - Балқаш көлімен, ал батысында - Жамбыл облысымен жанасып жатыр.

Облыс құрамына облыстық маӊызы бар 2 қала (Талдықорған және Қапшағай), оныӊ ішінде 1 моноқала (Текелі), аудандық бағынышты 7 қала, 16 аудан, 731 ауылдық елді мекен кіреді.

Халық саны 2015 жылдыӊ 1 шілдесіне 1933,9 мыӊ адамды құрады. Халық құрамы 103 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өӊірге жатады.

Облыста Қарасай, Талғар, Іле, Еӊбекшіқазақ, Жамбыл аудандарыныӊ және Қапшағай қаласыныӊ 187 елді мекені орталығы Алматы қаласы болып табылатын Алматы агломерациясына кіреді.

Алматы агломерациясына Қапшағай, Қаскелеӊ, Талғар, Есік қанаттас-қалаларын, Ұзынағаш ауылын және жобаланатын жаӊа төрт Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдение орталық), Growing City (өнеркәсіп орталығы), Green City (туристік орталық) қанаттас- қалаларды орналастыру көзделген.

Өӊірде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Алматы қорығы, Қапшағай су қоймасы, "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын каньоны, "Тамғалы" археологиялық ландшафты, мәдени-тарихи кешендер орналасқан. Аталған объектілер экологиялық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылыққа ие.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны