19.09.2017, 15:19 4719

Алматы облысында мемлекеттік шекара күзеті мәселелері жөніндегі көшпелі отырыс өтті

Парламент Сенатыныӊ 2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ Мемлекеттік шекара күзеті мәселелері жөніндегі көшпелі отырысы өтті.

Талдықорған. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламент Сенатыныӊ 2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ Мемлекеттік шекара күзеті мәселелері жөніндегі көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар "Қорғас" Халықаралық шекара маӊы ынтымақтастық орталығыныӊ қазақстандық және қытайлық бөліктерініӊ жұмысымен танысты. Сенаторларға орталықтыӊ егжей-тегжейлі жобасы, сол сияқты ХШЫО аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар сапар барысында Комитет мүшелері "Қорғас" шекаралық заставасында және Жаркент шекаралық отрядыныӊ "Шығыс" аймақтық басқармасында болып, техникалық жабдықталуымен, жеке құрамныӊ тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Бөлім командирі Б. Рамазанов депутаттарға отрядтыӊ күнделікті қызметтік-әскери жұмысы жөнінде баяндап, жауапты учаскедегі бүгінгі ахуал туралы айтып берді.

Облыста 6 шекаралық ауданда орналасқан 71 шекаралық елді мекендер бар. Оныӊ ішінде даму әлеуеті жоғары - 19, орташа - 51, төмен әлеуетті 1 аылдық елді мекен бар.

Қытаймен шекараласатын аудандарға Ақсу, Алакөл, Панфилов, Райымбек және Ұйғыр аудандары жатады, Қырғызстан Республикасымен Жамбыл ауданы шекараласады.

Шекаралас аумақтарда 151,1 мыӊ адам тұрады, оныӊ ішінде көп санды шекаралық аумақтарға Панфилов, Райымбек және Жамбыл аудандар жатады. Панфилов ауданында шағын қала Жаркент орналасқан және "Қорғас" шекаралық ынтымақтастықтыӊ халықаралық орталығы орналасқан. Алакөл ауданында Достық кенті халықаралық көлік дәлізі бар.

Өӊірде 14980 сауда және қызмет көрсету объектілері әрекет етеді, оныӊ ішінде 18828 сауда орнына арналған 9152 бөлшек сауда дүкендері, 77 сауда бар.

Облыс аудандары мен қалаларыныӊ бөлінісінде бөлшек сауданыӊ негізгі көлемі Қарасай (22,2%), Талғар (14,8%), Іле (12,4%), Еӊбекшіқазақ (11,2%) аудандарына және Талдықорған қаласына (12,2%) тиесілі (қалған 12 аудан мен Қапшағай, Текелі қалаларына - 27,2%).

Алматы қаласына жақын орналасқан Іле, Қарасай, Еӊбекшіқазақ аудандарында және Қапшағай қаласында 2030 жылға дейін инфрақұрылымы дамыған 6 ірі сауда нысандарыныӊ құрылысы жоспарлануда.

Өӊірде бөлшек сауданы әрі қарай дамыту ҚР 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасын ескерумен, сауда базарларын жаӊарту, электрондық сауданы дамыту, заманауи сауда нысандарын дамыту бағытында жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны