04.12.2013, 18:48 3830

Алматы облысында Нарынқол ауылы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасау фактісінің беті ашылды

Түн ішінде тұмшалағыш киген төртеу кіре беріс есіктің құлпын бұзу арқылы үйге кіреді де, үй иесін қорқытып, оның 600 мың теңгесін иемденіп кетеді.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Алматы облысында 33 жастағы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасау фактісінің беті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түн ішінде тұмшалағыш киген төртеу кіре беріс есіктің құлпын бұзу арқылы үйге кіреді де, үй иесін қорқытып, оның 600 мың теңгесін иемденіп кетеді.

"Тойота" автокөлігін мінген күдіктілерді АІІБ жол-патрульдік қызметінің мен тергеу бөлімі қызметкерлері Кеген ауылына кіреберісте қолға түсірген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 23 пен 27 жастағы күдіктілер қамауға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны