15.04.2013, 11:07 3105

Алматы облысында өртеніп кеткен мәйітке қатысты істің мән-жайы анықталды

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 42 жастағы қырғыз азаматының өлімін әшкереледі. Оны жанып кеткен денесі өткен аптада табылған болатын. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында өртеніп кеткен мәйітке қатысты істің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 42 жастағы қырғыз азаматының өлімін әшкереледі. Оны жанып кеткен денесі өткен аптада табылған болатын. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, қайтыс болған шетел азаматы Талғар ауданында жеке қожалық шаруашылықта бірнеше ай бойы қара жұмысшы болып жұмыс істеген.

5 сәуірде жалданбалы жұмысшыны қожайынның туған ағасы аямай соққыға жыққан. Оның жан тәсілім еткеніне көз жеткізген соң, қылмысын жасыру үшін мәйітті бөшкеге салып жауып тастаған. Содан кейін "ЗИЛ" көлігін жалдап, малға жем апара жатырмын деген сылтаумен Байсейіт ауылы маңына апарып өртеп жіберген. Кейіннен жанып кеткен мәйітті жергілікті тұрғындар тауып алған.

Полиция мәліметіне сәйкес, Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының 50 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Бұрын хабарланғандай, 9 сәуірде Алматы - Көкпек - Көктал жолының 134-м км жерінде ер адамның өртеніп кеткен денесі табылған. Оның кім екенін анықтау мүмкін болмады. Полиция БАҚ арқылы осы қылмысты ашу үшін азаматтардан көмек сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны