08.08.2008, 14:24 2805

Алматы облысында осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен қыз баланыкі болуы мүмкін мәйіт табылды - ҚР ІІМ

Алматы облысында осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен қыз баланыкі болуы мүмкін мәйіт табылды - ҚР ІІМ

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен қыз баланыкі болуы мүмкін мәйіт табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ бұқарамен байланыс және ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 14 маусымында Алматы облысының Талғар АІІБ кезекші бөліміне Колхозшы ауылында жеті жасар Томирис Исраилова жоғалып кетті, деген хабар келіп түскен.

"Бұл дерек бойынша шұғыл тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында сол күні иісшіл иттерді пайдалана отырып жоғалған қызды іздестіру жұмыстары басталды. Қыз баланың жоғалғаны туралы ақпарат пен оның белгілері барлық БАҚ-тарда жарияланып, электронды мекенжайларға хабар тарату жүйесі белсенді пайдаланылды. Қоғамдық орындарда оны іздестіруге қатысты жеке жариялар суретімен қоса ілінді", -деп хабарлайды орталық.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері басқаның басына түскен қайғыны пайдаланып ақша тауып қалуға тырысқан бірнеше талпынысты тіркеді. Атап айтсақ, Томиристің анасына жасырып телефон шалған бір әйел қыздың жүрген жерін білемін деп хабарлаған. Ол 20 мың АҚШ долларына ақпарат беруге уәде берген. "Жүргізілген шаралардың нәтижесінде жалған хабар берген әйел ұсталды. Ол қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты БАҚ-тардан көріп, жағдайды пайдаланып қалмақ болған. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды", - деп хабарлайды орталық.

9 шілдеде баланың жоғалу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің адам ұрлау жөніндегі 125-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше жорамал жасалды.

"Жорамалдарды ескере отырып, 5 тамызда ішкі әскер күштерін жұмылдыру арқылы ауыл маңында тағы да 1,5 да 1 шақырым аумақта іздестіру жұмыстары жүргізілген. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 6-8 жас шамасындағы адамның сүйектері, баланың көйлегі мен шаштары табылды. Сол күні сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды орталық.

Полицияның хабарлауынша, "жоғалған қыздың туыстық байланыстары тексерілді". Атап айтсақ, 6 тамызда осы ауылда тұратын, еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталған 32 жастағы азамат ұсталды. "Бұл азамат Т.Исраилованың немере інісі болып шыққан. Оған дәлелдерге негізделе отырып айып тағылып, осыдан кейін ол қылмысын мойындады".

"Сол күні, отбасылық мереке аяқталған соң, мас күйндегі күдікті кәмелеттік жасқа жетпеген Т.Исраилованы ұрлап, зорлық жасап, сосын оны өлтіріп тастаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін баланың денесін үйге таяу жердегі жыраға көмген", -деп хабарлайды орталық.

Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны