28.04.2017, 21:17 6398

Алматы облысында радиолокациялық жаӊа буын техникасын өндіретін зауыт ашылды

Қазақстанда жаӊа буынныӊ радиолокациялық техникасын шығару бойынша "Гранит-Талес Электроникс" зауыты ашылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Талдықорған. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жаӊа буынныӊ радиолокациялық техникасын шығару бойынша "Гранит-Талес Электроникс" зауыты ашылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін Алматы облысында Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазановтыӊ қатысуымен үш координаталы радиолокациялық станцияларын шығару жөніндегі "Groud Master 400" ("НУР" қазақстандық индексі) сантиметрлік диапазон толқыны бірлескен Қазақстан-Француз кәсіпорны ашылды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Осы жобаныӊ қатысушылары - Қазақстанда үш координаталы радиолокациялық станциялар "Groud Master 400" сантиметрлік диапазон толқыны шығару туралы екіжақты меморандумға қол қойған "Казақстан инжиниринг" ҰК" АҚ құрамына кіретін "Гранит" арнайы конструкторлық-технологиялық бюро" ЖШС және "Талес" компаниясы (Франция).

Осындай жоба Қазақстан армиясыныӊ, сондай-ақ осы өӊір мемлекеттерініӊ мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оны іске асыру кезінде өндірістік станцияларды республика аумағында шығарылатын тораптармен, агрегаттармен, байланыс құралдарымен және арнайы автомобиль техникасымен жиынтықтай отырып, оқшауландырудыӊ 70%-дан астам деӊгейіне қол жеткізу жоспарлануда. "Гранит-Талес Электроникс" ЖШС-та150-ден астам жұмыс орны құрылды, технологияларды трансферттеу көзделуде. Қазақстанда шығаруға жоспарланатын радиолокациялық техника өзініӊ тактикалық-техникалық сипаттамасы бойынша әлемдегі еӊ үздіктердіӊ бірі болып табылады, ол радиолокациялық барлауға және әуе кеӊістігін бақылауға арналған.

2014 жылы кәсіпорын станцияныӊ тәжірибелік үлгісін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігіне жеткізді, еліміздіӊ Қарулы Күштері әскери бөлімдерініӊ түрлі полигондарындағы одан әрі қарай әскери сынаулар барлық мәлімделген техникалық сипаттамаларды растады.

Жобаныӊ шеӊберінде сонымен бірге радиолокациялық техниканыӊ келешегі зор түрлерін игеруге болатындығын атап өткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны