29.04.2013, 11:17 3197

Алматы облысында салық комитеті қызметкерінің өліміне қатысты күдікті ұсталды

"Алматы облысының полицейлері 33-жасар Ақсуат ауданыының тұрғынын ұстады. Оған Салық комитетінің Иуезов ауданындағы бас маманын өлтірді деген айып тағылып отыр", - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Талдықорған. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында салық комитетінің қызметкерін өлтірді деп айыпталған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматы облысының полицейлері 33-жасар Ақсуат ауданыының тұрғынын ұстады. Оған Салық комитетінің Иуезов ауданындағы бас маманын өлтірді деген айып тағылып отыр", - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуына қарағанда, қылмыс Ақсу ауданының Жансүгір ауылында 27-нен 28-не қараған түні орын алған.

Қонаққа келген алматылық көшеге шығып, мас адаммен келіспей қалған. Дау соңы төбелеске айналған, осы кезде жергілікті тұрғын қарсыласын пышақтап өлтірген.

"Қазір күдікті айыбын мойнына алуда. Ол бұған дейін Астанада ауыр дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды", деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған күдікті қазір Ақсу АІІБ қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны