18.07.2014, 18:57 1749

Алматы облысында сел шығарындысы тіркелді - ТЖМ

Оқиға орнына аудандық комиссия барды. Жағдайды бағалау үшін ҚР ТЖМ тікұшағы оқиға орнын бойлай ұшып өтті, оның нәтижесінде No 150 мұздақтың тез еруі сел шығарындының көзі болып табылатыны анықталды.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында бөгеттің бұзылуы туралы ақпараттың бірқатар БАҚ-та таралуына байланысты аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

2014 жылғы 17 шілдеде сағат 13.05-те Алматы облысы Талғар ауданында Орта Талғар өзені бойында ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ гидробекеті шығыны секундына 42 текше метрге дейін жететін толқын тәрізді сел шығарындысын тіркеді.

300 мың текше метрді құрайтын сел шығарынды көлемін Талғар бөгеті су қоймасы ұстап қалды, сыйымдылығы 8 млн. текше метрге дейін суды ұстап қалу мүмкіндігі бар.

Оқиға орнына аудандық комиссия барды. Жағдайды бағалау үшін ҚР ТЖМ тікұшағы оқиға орнын бойлай ұшып өтті, оның нәтижесінде No 150 мұздақтың тез еруі сел шығарындының көзі болып табылатыны анықталды. Алматы облысы ТЖ департаменті құлақтандыру жұмыстарын жүргізді, кезекшілік ұйымдастырды, жергілікті атқарушы органдармен бірге тауға баратын жол қозғалысына уақытша шектеу қойды.

Елді мекендер үшін қауіп жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны