14.09.2009, 14:08 5226

Алматы облысында сирек кездесетін аңдар атылды

Алматы облысында сирек кездесетін аңдар атылды

Талдықорған. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында сирек кездесетін аңдар атылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің аға инспекторы Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

"Ескелді АІІБ орман шаруашылығының қорықшыларымен бірлесе отырып, Қоңыр ауылының маңында "Мицубиси Паджеро" көлігін ұстады, одан полицейлер еліктің үш өлексесін, "Вепрь"карабині мен 16-шы калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі", - деді К. Нұрахмет.

Өлтірілген ересек еліктер "бұл өңірде көптен бері байқалмаған сирек кездесетін жануарлар".

Инспектордың айтуынша, ұсталған төрт адамда қару-жарақ сақтау және алып жүруге, сондай-ақ, аң аулауға берілген құжаттар мен лицензиялары болмай шыққан, бірақ олар құжаттарымыз үйде қалды деген. "Қазір браконьерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде", - деді К. Нұрахмет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны