28.08.2006, 13:48 2965

Алматы облысында тәртіп сақшылары Қырғызстан азаматынан 10 килограмм героин тәркіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері жол полициясының қызметкерлерімен бірлесіп Қырғызстан азаматынан 10 килограмм героин болуы мүмкін зат тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, шұғыл ақпараттың желісімен Алматы облысының Қарасай ауданында "Алтын Орда" базарының маңында "Волга" автокөлігі ұсталды. Автокөліктің қанатының астында арнаулы жабдықталған қоймадан 10 килограмм героин болуы мүмкін зат табылды. Автокөлікті Ош қаласының тұрғыны айдап келе жатқан. Тәркіленген ұнтақ зат сараптамаға жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны