06.09.2016, 12:46 4054

Алматы облысында ұсталған топ ауқымды террористік актіні жүзеге асыру үшін азаматтық немесе әскери ұшақты ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған

ҰҚК ақпаратына сәйкес, өз әрекеттерін ауқымды қоғамдық пікір туғызу үшін, олар адамдар көп жиналатын орындарда террористік акті жасау жолын қарастырған. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы әуежайды зерттеп, барлау жүргізген. Олар Америка Құрама Штаттарында 2001 жылдыӊ 11 қыркүйегінде болған шабуылдарға ұқсас ауқымды террористік актіні жүзеге асыру үшін азаматтық немесе әскери ұшақты ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында ұсталған топ ауқымды террористік актіні жүзеге асыру үшін азаматтық немесе әскери ұшақты ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы.

"18 тамызда Қырғызстан азаматы және бұрын жалпы қылмыс жасағандары үшін сотталған екі отандасымыз қамауға алынды. Жиындарыныӊ біреуінде олар топтыӊ басшысы ретінде Қырғызстан азаматын сайлаған және қалған топ мүшелерініӊ рөлін белгілеген. Біздіӊ азаматтардыӊ біреуі өзін-өзі жаруға ниетін білдірген",- деп хабарлайды мекеме.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, өз әрекеттерін ауқымды қоғамдық пікір туғызу үшін, олар адамдар көп жиналатын орындарда террористік акті жасау жолын қарастырған. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы әуежайды зерттеп, барлау жүргізген. Олар Америка Құрама Штаттарында 2001 жылдыӊ 11 қыркүйегінде болған шабуылдарға ұқсас ауқымды террористік актіні жүзеге асыру үшін азаматтық немесе әскери ұшақты ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған.

Сондай-ақ, олар террористік актіні жасаудыӊ алдында өздерініӊ әрекетін діни негіздемеде түсіндіретін бейнеролик жасауды және оны Интернетке орналастыруды жоспарлаған.

Қару мен оқ-дәрілерді заӊсыз алу үшін ақша қаражатын іздестірген. Қаражатты олар шаруа қожалықтары мен микрокредиттік мекемелердіӊ жетекшілеріне қарақшылық жасау жолымен алуды көздеген.

Тінту жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құралдардыӊ химиялық компоненттері, зақым келтіретін элементтер, экстремисттік әдебиеттер алынды.

Қазіргі уақытта барлық тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 256 (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257(террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде

Сонымен қатар, Интернет арқылы таралып жатқан террористік және экстремисттік идеологияныӊ ықпалымен Ақтөбе облысында 11 адамнан тұратын топ радикалданды (С.Кудайбергенов, А.Жалгас, И.Жалгас, Саркулов, Балтабаев, Сейткали, Бисенгали, Сабитов, Есенгулов, Еменов, Досов).

Аталған азаматтар "қасиетті соғысқа" дайындық жүргізген, өз айналасында радикалдық идеяларды белсенді насихаттаған, шетелдегі террористермен байланысқа шығуды жоспарлаған. Сонымен қатар өз араларынан жетекші сайлаған.

29 тамызда жүргізілген оларды ұстау барысында құқық қорғау органдарыныӊ қызметкеріне шабуыл жасауға, оныӊ ішінде өзін-өзі жару арқылы, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей аумағында террористтік актілерге жол берілмеді.

Номері өшірілген 16 калибрлі екі мылтық, оқ-дәрілер, тапанша, Калашников автоматыныӊ муляжы, халықаралық террористік ұйымдардыӊ символикасы және экстремистік материалдар алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 174 (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256 (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257 (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

Осы өӊірде, 30 тамызда өнеркәсіптік жарылғыш заттарды сатып алуы кезінде бұрын сотталған дәстүрлі емес діни ағымныӊ мүшесі ұсталды. Салмағы 3 киллограм жарылғыш зат алынды.

2016 жылдыӊ басынан 4 тұлғаныӊ және 8 радикалдық топтыӊ заӊға қайшы әрекеттері ерте кезеӊінде алды алынды.

Алды алынған топтардыӊ бір бөлігі өз әрекетін халықаралық террористік ұйымдар жауынгерлерініӊ тікелей басқаруымен және нұсқауларымен жүзеге асырған.

Маусым айында Қарағанды облысында бір бірімен байланысы бар екі топтыӊ радикалдық тұлғаларыныӊ әрекетініӊ жолы кесілді. Сонымен қатар жалпы үйлестіру шетелден қазақстандық жауынгерлермен жүргізілгенін атап өткен жөн.

Олардыӊ кейбір мүшелері соғыс әрекеттері аймағына жіберуге дайындалған және Қазақстан шекарасын заӊсыз өту әрекеті кезінде ұсталған болатын.

Басқа топтыӊ қатысушылары Қазақстан аумағында террористік шабуылдар жасауға дайындалған. Олар бірнеше нысандарды таӊдаған болатын, солардыӊ ішінде Балқаш қаласыныӊ маӊында орналасқан ресейлік әскери бөлімі де қарастырылған.

Арнайы операцияныӊ нәтижесінде террористердіӊ бұл жоспарларыныӊ жүзеге асырылуына жол берілмеді. Бұл тұрғыда ұлттық қауіпсіздік органдарына жергілікті тұрғындардыӊ қырағылығы елеулі көмегін тигізді.

Жалпы, 8 адам тұтқынға алынды, тағы біреуі ұстау кезінде өзін-өзі жарып жібергені өздеріӊізге белгілі.

Жүргізілген жедел шаралар барысында заӊсыз заттарды жасыруға арналған 4 құпия орын табылды. Олар Балқаш қаласыныӊ маӊында, Гүлшат ауылында және Балқаш станциясында топтыӊ бір мүшесініӊ үйіндегі бақшасында орналасқан болатын. Бұл туралы террористіӊ ата-анасыныӊ күдігі болмаған.

Құпия орындардан мылтықтар, оныӊ оқ-дәрілері, сондай-ақ, көп мөлшердегі қолдан жасалған жарылғыш қондырғылардыӊ компоненттері - сыртқы пішіндер, химиялық заттар, жарылысты қоздыратын құралдар, зақым келтіретін метал элементтері алынды.

Радикалдар жарылғыш қондырғыларды жасау үшін, қолда бар жабдықтарды, атап айтқанда шегелердіӊ кесінділерімен болттармен, гайкалармен толықтырылған зақым келтіретін элементтерді қолданған. Сырт көзден таса жерлерде тәжірибелік сынақ жүргізу арқылы олар жарылғыш құрылғылардыӊ қуатын анықтаған.

Топ мүшелері "шахид белдігі" түрінде 2 құрылғы дайындап үлгірген. Ұстау операциясы кезінде біреуі оларды іске асырып жарып жіберген болатын. Алынған компоненттер тағы 50-ге жуық жарылғыш қондырғыларды жасауға жеткілікті. Біздіӊ эксперттердіӊ бағалауы бойынша, бұндай мөлшердегі жарылғыш заттар, көп қабатты тұрғын үйді толығымен қиратуға жеткілікті.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 24 (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 255(терроризм актісі), 257 (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу), 287 (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заӊсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), және 288 (қаруды заӊсыз жасау) баптары бойынша сот алды тергеу шаралары жүргізілуде.

Жалпы айтқанда 2016 жылы ұлттық қауіпсіздік органдары материалдары негізінде террористік және экстремисттік қылмыс жасағаны үшін 57 радикалды тұлға сотталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны