27.07.2018, 15:24 3715

Алматы облысында жаӊа аудан қалыптастыру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 890 млн. теӊге бөлінді

Онда Райымбек ауданын екіге бөлу арқылы жаӊа аудан қалыптастыру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 890 млн. теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде тұрғын үйлер құрылысы, мекемелерді жөндеу, ауыз су жүйесі, жол жөндеу шараларымен қатар картоп өсіру бағытындағы 2 сервистік-дайындау орталығын құруға да қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ Алакөл көлініӊ туристік әлеуетін арттыруға 744,8 млн. теӊге бөлінбек.

Талдықорған. 27 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облыстық мәслихатыныӊ депутаттары Райымбек ауданын бөлу іс-шараларына қосымша қаржы қарастыру ұсынысын қолдады. Бұл туралы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс XXXIV сессиясында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Амандық Баталов қатысқан сессия жұмысында облыстық мәслихаттыӊ "Алматы облысыныӊ 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" № 26-128 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Онда Райымбек ауданын екіге бөлу арқылы жаӊа аудан қалыптастыру жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 890 млн. теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде тұрғын үйлер құрылысы, мекемелерді жөндеу, ауыз су жүйесі, жол жөндеу шараларымен қатар картоп өсіру бағытындағы 2 сервистік-дайындау орталығын құруға да қаржы қарастырылып отыр.

Сондай-ақ Алакөл көлініӊ туристік әлеуетін арттыруға 744,8 млн. теӊге бөлінбек. Бұл қаржыға көл жағалауын нығайту, Үшарал қаласындағы әуежайдыӊ ұшу-қону жолағын қайта жаӊғырту, Ақши ауылын абаттандыру, ауыз су және кәріз жүйелері құрылысыныӊ құжаттамаларын әзірлеу шаралары атқарылмақ.

Сонымен қатар энергетика және ТҮКШ, ауыл шаруашылығы, "Цифрлық Қазақстан- 2020" бағдарламасын жүзеге асыру, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, жолдарды жөндеу ісіне де қаржылай қолдау шаралары көрсетілмек. Илеуметтік сала да назардан тыс қалмай, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, білім беру нысандарыныӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектептерді кеӊ жолақты интернет желісімен қамтуға және басқа да маӊызды іс-шараларға қаржы қарастырылды.

Осы сессияда "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы депутаттық фракцияныӊ биылғы жылдыӊ 6 айында атқарған жұмысы туралы филиал төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев баяндады.

Және Алматы облыстық тексеру комиссиясыныӊ төрағасы лауазымына Мейрам Мұсаевтыӊ кандидатурасы ұсынылып, ұсыныс депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Сессия соӊында бірқатар азаматтар облыс әкімі А. Баталовтыӊ қолынан "Астананыӊ 20 жылдығы" мерекелік медалін алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны